01.01.2020 ж. бастап басқа салық салу режиміне ауысатын патент негізінде қызмет атқаратын кәсіпкерлер назарына!

Оңайлатылған декларация негізінде немесе тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режиміне немесе жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбіне қадам-қадаммен ауысу әркеттері:
Қадам 1. Мемлекеттік кірістер басқармаларында немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрондық цифрлық қолтаңбасын алу;
Қадам 2. Электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы www.cabinet.salyk.kz сілтемесі бойынша Салық төлеуші кабинетіне кіру;
Қадам 3. «Салықтық өтініштер» бөліміне кіру;
Қадам 4. Арнаулы салық режимі — Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны — таңдау;
Қадам 5. Кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын орнын толтыру;
Қадам 6. «2 бөлімде» таңдау
ауысу туралы – тиісті салық режимі;
себебі – арнаулы салық режимін қолдану шартына сәйкессіздік (осындай сәйкессіздік туындаған күні көрсетіледі 01.01.2020 ж. бастап);
Қадам 7. ДК орналасқан жері бойынша салық органы кодын толтырасыз;
Қадам 8. Салық төлеуші кабинетінде сақтау;
Қадам 9. Толтыруды тексеру;
Қадам 10. Мемлекеттік кірістер органына жіберу.
Қадам 11. Электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою.

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының бас маман  маманы Ф.Жайлауова