2020 жылы жеке тұлғаның табыстарынан жеке табыс салығын есептеу кезінде оқуға және көп балалы отбасы үшін салық шегерімдері қолданылмайды

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі — Заң) 33 – бабына сәйкес, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 316 – 366-баптары, бастапқыда 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тоқтатылған және Заңның 33-бабында баяндалған редакцияда қолданыста болды.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржы қызметі және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 шілдедегі № 262-V Заңының 1 – бабы 67-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес, Салық кодексінің 316-366-баптарының қолданылуын тоқтата тұру мерзімі 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды.
Заңның 33-бабының қолданыстағы редакцияда жазылған Салық кодексінің 349-бабының 1-тармағына сәйкес, сыйақылар бойынша салық шегерімін Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы өз пайдасына жүргізілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінен алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады.
Осылайша, қолданыстағы салық заңнамасында қызметкердің табысын айқындау кезінде, жұмыс берушіге салықтық шегерімді қолдану туралы өтінішті, банктік қарыз шартын және көрсетілген қарыз бойынша сыйақының өтелгенін растайтын құжатты ұсына отырып, жеке тұлға тек қана «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да алынған қарыз бойынша сыйақы сомасы мөлшерінде салық шегерімін қолдануға құқылы.
Бұдан басқа, 2020 жылы жеке тұлғаның табыстарынан жеке табыс салығын есептеу кезінде оқуға және көп балалы отбасы үшін салық шегерімдері қолданылмайды.

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының  жеткеші маманы Л.Орунбекова