«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХIII КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХIII КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХIII КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ 1024 683 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Бүгін аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясының Төлеби аудандық филиалының кезектен тыс XXXIII конференциясы өтті. Жиынға атқарушы және өкілетті билік өкілдері, қоғамдық ұйым жетекшілері, мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. 
Аудандық партия филиалының кезектен тыс конференциясының күн тәртібінде Н.Ә.Назарбаевтың партияның кезекті XVIII съезінде берген тапсырмаларын – «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл — ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыру барысы мен «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХVІІI конференциясына делегаттар сайлау мәселелері қаралды. 
Жиынды «Нұр Отан» партиясы Төлеби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуаныш Қансейітов жүргізіп отырды. 
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлепов Елбасымыздың Н.Ә.Назарбаевтың партияның кезекті XVIII съезінде берген тапсырмаларын – «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл — ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын ауданда орындалуы туралы баяндама жасады. 
Баяндамаға байланысты жарыс сөзге шыққан конференция делегаттары сөз сөйлеп, «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХVІІI конференциясына тізім бойынша ұсынылған делегаттарды ашық дауыс беру арқылы сайлады.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply