Қандай жеке тұлғалар жер бойынша салық жеңілдіктеріне ие?

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, мына тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылмайды:

-Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым — 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектiң, мүгедек балалардың ата-анасының бipeуi, жетім балалар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:
тұрғын-үй қоры, оның iшiнде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi; үй маңындағы жер учаскелерi; құрылыс алып жатқан жердi қоса алғанда, жеке (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскелерi; гараждар орналасқан жер учаскелерi бойынша

— «Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар: тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi; үй маңындағы жер учаскелерi бойынша; 

жеке тұратын зейнеткерлер: тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi. Жеңілдіктер тиісті уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың мағлұматтары негізінде қолданылады.

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының бас маманы Ф.К.Жайлауова