АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ 1024 683 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Бүгін, 15 сәуір күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Б.Б.Омарбековтің төрағалығымен қала, ауылдық округ әкімдері, аудан мекеме басшыларының қатысуымен аппараттық жиналыс өтті. Күн тәртібінде 5 мәселе қарастырылды. 
Аудан көлемінде салынған денсаулық сақтау мекемелерін теңгерімнен теңгерімге беру және жаңадан салынатын медициналық пункттерге жер телімін бөлу туралы аудандық аурухананың бас дәрігері Мұсаев Дәулет баяндады.
Екінші қарастырылған мәселе аудандағы пайдаланбай тұрған жерлерді мемлекеттік меншіке қайтару туралы аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Тұрғынбаев Құттымұрат сөз сөйледі. 
Үшінші мәселе — ауданда «Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйесін сәйкестендіру барысы туралы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жанқалов Омар айтып өтті. 
Төртінші тақырып — «Е-халық» ақпараттық жүйесіне азаматтарды тіркеу жұмыстарының барысы туралы «Жұмыспен қамту орталығы» мекемесінің директоры Шарипов Дулат айтты.
Бесінші — азаматтарды әскер қатарына шақыру барысы туралы Қорғаныс істер жөніндегі біріккен бөлім басшысы Қортаев Әшім баян етті.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімімен нақты тапсырмалар беріліп, бақылауға алынды.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply