Қарқынды экономика – баршамыздың әл-ауқатымыздың негізі

  • Әлемнің дамыған елдерінің алғашқы отыздығына кіру үшін экономикалық өсім қарқынын тұрақты ұстап тұру қажет.
  • Республикалық және жергілікті бюджеттің форматын мемлекетті дамыту мақсатына сәйкес өзгертеміз. Тиімсіз «имидждік» жобалар мен бағдарламалар тоқтатылады.
  • Түрлі салалардағы отандық тауар өндірісі мен қызметін ынталандырып, қарапайым заттар экономикасын дамытамыз.
  • Отандық бизнесті қолдаймыз. Экономикадағы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 30%-ға жеткіземіз.
  • Отандық және шетелдік инвестицияны толық қорғаймыз.
  • Тікелей шетел инвестициясын тарту жұмыстарын күшейтеміз.
  • Біз қазақстандық транскомпанияларды дамытып, халықаралық және өңірлік өндірістің негізгі құрамдас бөлігіне айналатын салаларды ынталандырамыз.
  • Халықаралық сапа стандарттарын енгізіп, өз өнімдерімен жаңа нарықтарға шығатын кәсіпорындарды қолдаймыз.
  • Сыртқы нарыққа қазақстандық тауарлар мен қызметтерді белсенді түрде шығаратын боламыз.
  • Жекеменшік секторы үшін экономикалық кеңістікті сақтап қалу мақсатымен жаңа мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың құрылуына мараторий жариялаймыз.