ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ 1944 1296 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Үлкендерге құрмет көрсету халықтың мәдениеттілігін сипаттайтын негізгі белгі. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Осы орайда бүгін Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтің бастамасымен қарттар күні кең көлемде аталып өтті.

Мерейлі шара барысында ауданның ерікті жастарының қатысуымен Ұлы Отан соғысының ардагері Капустина Александра Петровна мен Кулымбаева Фарида Армияқызының тұрғын-үй ауласын күл-қоқыстардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек аудан әкімі Алатау ауылдық округінің тұрғыны, 103 жастағы тыл ардагері Худабаева Мəуекүл ана мен Екпінді елді мекенінің тұрғыны, 93 жастағы зейнеткер ұстаз Құдайбергенов Қалмырза ақсақалдың шаңырағына арнайы барып қазыналы қарттарымызды мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті. Сондай-ақ, мерекеге орай ардагерлер арасында шахмат жəне бильярд ойындарынан турнир ұйымдастырылып, аудан әкімі салтанатты түрде ашып берді.

Шара барысында «Арай» мейрамханасында мерекелік дастархан жайылып, еңбек жолымен үлгі болып жүрген зиялы қауым өкілдеріне облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасының, Төлеби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының, аудан әкімінің алғыс хаттары және аудандық мәслихаттың грамотасы табыс етілді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply