Арыс қаласына көмек жалғасуда

Арыс қаласына көмек жалғасуда

Арыс қаласына көмек жалғасуда 1152 648 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Бүгінде Арыс қаласы 17 секторға бөлініп, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Төлеби ауданына бөлінген 5-ші аумақтағы көшелердің тазалық жұмыстарын, тұрғын үй аумақтарын дезинфекциялау, тұрғын үйге келтірілген шығындарды анықтау және тұрғындарға күнделікті азық-түлік жеткізіп беруге ауданымыздан 40 белсенді еріктілер көмек қолын созуда. 
Тазалық жұмыстарына Төлеби ауданынан 1 камаз, 1 водовоз, 2 газель, 1 борт газель, 1 жүк тиегіш техникалар көмек көрсетуде. Сонымен қатар 1 жедел жәрдем, 1 өрт сөндіру техникасы, 1 қоғамдық тәртіп сақтау қызметі көліктері бар. 
Апта басында 5 сектор штабы тұрғындарға ɵтемақы алу бойынша түсiндiрме жұмыстарын жүргiзген болатын. Бүгiн штаб қаржылай көмек алуға келген арыстықтардың құжаттарын қабылдау жұмыстарын жүргiзуде.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply