АРЫСТЫҚ БАЛАЛАР ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ДЕМАЛУДА

АРЫСТЫҚ БАЛАЛАР ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ДЕМАЛУДА

АРЫСТЫҚ БАЛАЛАР ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ДЕМАЛУДА 1944 1296 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Арыс қаласында болған апаттан кейін «Балдәурен» республикалық оқу сауықтыру орталығының қолдауымен 700 арыстық балалар Щучье, Балхаш, Қапшағай және Түркістан облысындағы «Балдәурен» филиалдарында демалуда.
Төлеби ауданы аймағында орналасқан «Балдәурен» лагерінде 150 арыстық бала тегін демалысын өткізуде. Мұнда балалар мен жасөспірімдердің тынығуын, сауығуын ұйымдастыратын және олардың шығармашылықтарының дамуына барлық жағдай жасалып отыр.
«Балдәурен» лагерінің Төлеби аудандық филиалының басшысы Бірлік Қадырбекұлы Баржақсымов: «Мұнда білім беру ісі мен тәрбие жайы жан-жақты қарастырылады. Біздің қазіргі басты мақсатымыз Арыс қаласында болған апаттан кейін балалармен тығыз қарым-қатынаста болу. Себебі олардың көрген жағдайлары психологияларына әсер етеді. Апаттан кейін Арыстан келген кейбір балалар 1-2-ші күні ешкіммен сөйлеспей жүрген болатын. Олармен республикадан келген арнайы психологтар бірнеше күн жұмыс істеп, көмек көрсетті. Қазір балалардың жағдайы жақсарып, ұйымдастырылып тұратын іс-шараларға белсенділік танытып жүр» — деді.
Балалар қазіргі заман талабына сай бөлмелерде және техникалық құралдармен жабдықтылғын сыныптарда білім алуда. Күн сайын өтіп тұратын психологиялық тренингтерге, спорттық ойындарға, түрлі үйірмелер мен мерекелік іс-шараларға қызуғышылық танытып, ән айтып, би билеп, көңілдерін көтеруде. Сонымен қатар, тамаша табиғат аясында серуендеп, жаңа достар тауып, «Балдәурен» лагерінің ұстаздарына, топ басшыларына рахметтерін айтып, ризашылықтарын білдіруде.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply