АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІНІҢ АЙНАЛЫМЫ БОЙЫНША

0Общее количество посещений .

Бөлісу

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп жатқан саясаты, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған.
Мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында, заңдарға өзгерістер енгізіліп, кәсіпкерлерге шектеулер мен кедергі келтіретін заңдар алынып тасталды. Қызметтерді электронды түрде (online) көрсету саны жыл сайын ұлғаюда, кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасы арқылы қызмет көрсету іске асырылып, жұмыс істеуде, мемлекеттік органдармен жүргізілетін тексерулер барынша азайтылды және т.б.
Дегенмен, Елбасының бастамасымен мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге жасалған жеңілдіктерге қарамастан, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері алкоголь өнімін, тиісті лицензиясы болмаса сақтауға және өткізуге тыйым салу бөлігінде, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №429 «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының (әрі қарай – Заң) 9 бабының 3 тармағының талаптарын бұзуға жол береді.
Сондай ақ, алкоголь өнімін:
ü лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде, лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төленбесе,
ü жиырма бір жасқа толмаған тұлғаларға және 21 сағаттан бастап келесі күннің 12 сағатына дейін алкоголь өнімін сатуға тиым салынады.
Аталған Заңның талаптарын сақтамау түрінде жасалған бұзушылық үшін, құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып табылған акцизделетiн тауарлар тәркiлене отырып, кәсіпкерлік субъектісінің санатына сәйкес, елуден бастап, алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, барлық кәсіпкерлерді заңның талаптарын сақтауға және жазалау шараларын болдырмауға шақырады

 

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер

басқармасының жетекші маманы А.Бакибаева

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw