Қандай жағдайларда меншік құқығында 1 жылдан за уақыт болған пәтерлер, үй немесе жер учаскелерін сату барысында салық төленбейді

0Общее количество посещений .

Бөлісу

ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен облыс әкімдігімен бірлесіп, жергілікті бюджетке түсімдерді ұлғайту және қосымша кіріс көздерін анықтау мақсатында, мүлікті сатудан табыс алған жеке тұлғаларды анықтау бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда, облыстың мемлекеттік кірістер органдарымен бюджетке 67 159 мың теңге көлемінде мүліктік табыстан салықтар қамтамасыз етілді.
Меншік құқығында 1 жылдан за уақыт болған пәтерлер, үй немесе жер учаскелерін сату барысында сатушыда 10 пайыз мөлшерлемемен бюджетке салық төлеу міндеттемесі туындайтыны мәлім.
1. Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеудегі міндеттеменің туындауына құқықтық норма болып табылатын Салық кодексінің 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларының тұжырымы келесідей:
«Құн өсімінен түсетін кіріс мынадай мүлікті өткізген кезде туындайды… меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары, гараждар, жеке қосалқы шаруашылық объектілері… меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, гараж салу болып табылатын, меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған жер учаскелері және (немесе) жер үлестері…».
Бұл ретте, «меншік құқығы тіркелген күннен бастап» деген сөйлемге назар аударғымыз келеді. Жылжымайтын мүлікті сатушылар (кейде, салық органдары да), тіркелген күні деп пәтерді/үйді сатып алу-сату келісім-шартын нотариатпен растау күнімен шатастырады. Бұл дұрыс емес!
Жылжымайтын мүлікке құқықтар олар мемлекеттік тіркелген сәттен бастап туындайды және тоқтатылады (Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 7-бабы 1-тармағы).
Яғни, жылжымайтын мүлікке құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы бойынша уақыт санағы осы мүлікті сататын тұлғада, сатып алу-сату, айырбастау, сыйға беру және басқа азаматтық-құқықтық мәмілелердің күні бойынша емес, тек, тиісті қала немесе аудан бойынша Әділет департаментінде осындай құқықтардың пайда болу және тоқтатылу тіркелу күнімен саналады.
Ал, сатып алу-сату шартына келетін болсақ, тиісті нотариат куәландырған негізінде жасалса да, мұндай сатып алу–сату шарасы әділет органдарында тіркелмейінше ешқандай құқықтық салдарын туындырмайды. Басқа сөзбен айтатын болсақ, пәтерді, үйді немесе жер учаскесін сатып алған тұлға, осындай шарт бойынша өзінің құқығын әділет органында тіркемейінше, мұндай мүліктің заңды мағынада меншік иесі болып табылмайды.
Сол себепті, шарттың күні емес (оның ішінде, нотариалдық), тек, мемлекеттік құқықтық жылжымайтын мүліктің объектілерінің кадастрында көрсетілген күн сатылған пәтер, үй және жер учаскелері бойынша ЖТС төленуге немесе төленбеуге тиіс 1 жыл уақытын санауда жалғыз заңды «бастау сәті» болып табылады.
2. Мысалы, сатушы пәтерді, үйді немесе жер учаскесін мүліктің меншік иесі болып табылған уақыттан бастап 1 жылдан аз уақытта сатты. Мұндай жағдайда да, 10 пайыз мөлшерлемемен салық төлеуге тиісті емес.
Салық кодексінің 331-бабының 1-тармағының бірінші бөлігіне назар аударсақ, «құн өсімінен түсетін кіріс…» деп көрсетілген. Яғни, салықты төлеу үшін, құн өсімінен түсетін кіріс (табыс) болуға тиіс, бұл ретте, пәтер, үй немесе жер учаскелерінің сатылған құны, оларды сатып алған құнынан жоғары болуы тиіс. Тек, осы жағдайда, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма құн өсімінен 10 пайызды мөлшерлемемен сатушы ЖТС төлеуге тиіс.
Бұл жағдайда, 2 жолын қарастырайық:
— егер мүліктің сатып алынған құны белгілі болса (мысалы, сатып алу-сату шартымен сатушы үйді сатып алып, оны 10 айдан кейін сатса), мұндай жағдайда, ЖТС жоғарыда көрсетілгендей төленеді, яғни, сатып алу-сату шартында көрсетілген сомалардың оң айырмасынан;
— егер мүліктің сатып алынған құны белгісіз болса (мысалы, сатушы тұлға салған жеке тұрғын үй немесе мұра ретінде алған үй бойынша). Мұндай жағдайда, сатушы жылжымайтын мүлікке меншік құқығы туындаған кезеңге бағалаушы компаниясына «ретроспективті бағалау» (яғни, өткен кезеңге бағалау) жүргізуге тапсырыс беру қажет. Бұл бағалау, үйдің немесе пәтердің бастапқы құнын айқындайтын құжат болып табылады, әрі қарай, сату құнынан алынып тасталып, табыс орын алған жағдайда, 10 пайыз мөлшерлемемен салық салынады. Мұндай «ретроспективті бағалау» жылжымайтын мүлік сатылған жылдан кейінгі жылдың 31-наурызынан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Бұл ретте, «ретроспективті бағалау» және сатып алу-сату шартындағы құн өсімі болмаған жағдайда, ЖТС төленбейді.
Мүліктік табысты алу барысында, барлық азаматтарды тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына дербес жүгініп, салықтық міндеттемесін уақытылы орындауға шақырамыз.

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының бөлім басшысы Д.Рахманкулов

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw