«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі толығымен іске қосылды

0Общее количество посещений .

Бөлісу

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексі күшіне енді.
Бұл кодекспен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға декларацияны ұсыну міндетті түрде электрондық түрде жүзеге асырылуы қарастырылған.
Осы мақсатта, «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі енгізілді. Ақпараттық жүйені енгізу бірнеше кезеңдердерден өтті.
1 кезең – 2017 жылдың 1 қазанынан бастап «Транзит» кедендік рәсімі;
2 кезең – 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Экспорт» кедендік рәсімі;
3 кезең – ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап қалған кедендік рәсімдер бойынша ақпараттық жүйесі іске қосылды.
Қазіргі таңда, тауарларды ресімдеу барысында, жүйе автоматты түрде «жасыл» дәлізді анықтауда, тауарлар ақпараттық жүйемен автоматты түрде лауазымды тұлғаның қатысуынсыз 1 минут ішінде шығарылады; «сары» дәліз – лауазымды тұлғамен қосымша құжаттар мен мәліметтер электронды түрде сұралады; «қызыл» дәліз – кедендік бақылаудың қосымша түрлері қолданылады. Яғни, кедендік тексеріп қарау, сараптама және т.б.; «көк» дәліз – тауарлар шығарылғаннан кейін тексеру жүргізіледі.
Сонымен бірге, «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі барлық мемлекеттік органдар интеграцияларған жүйе.
Бұл ретте, ақпаратық жүйеге «бір терезе» қағидасы тағы енгізілген, ол бойынша жүйеде кедендік бақылаудан басқа барлық мемлекеттік бақылау түрлері яғни, ветеринарлық, фитосанитарлық, санитарлық-карантиндік, көліктік және салықтық бақылаудың кейбір түрлері жүргізіледі.Аталған жүйе сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларына ғимараттарынан шықпай ақ электронды түрде алдын-ала ақпараттандыруды және кедендік декларацияны беру мүмкіндігін берді.
«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінің іске қосылуы өзінің оң нәтижелерін көрсетті.
Аталған жүйенің негізгі мақсаты кедендік ресімдерді жылдамдату, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың уақыттық және қаржылай шығындарын қысқарту, электронды декларациялау жүйесін енгізу, құжаттар санының қысқаруына мүмкіндік туғызу, алдын-ала ақпаратты ұсыну және кедендік декларацияны шығару болып табылады.

Төлеби ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының

«Есептеу, талдау және ақпараттық технологиялар»

бөлімінің басшысы 

А.Курбанбекова

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw