0Общее количество посещений .

Бөлісу

Жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу барысындағы басты талап – фискалдық жұмысқа қатысты.
Егер кәсіпкер тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысуларды қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы жүргізетін болса, әдеттегі немесе деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану қажет.
Бұл машиналардың айырмашылығы неде? Осы уақытқа дейін пайдаланып келген бақылау-касса машиналары, бір ауысымда ұрылған барлық чектердің қорытынды сомасын жазатын фискалды жадымен жарақтандырылған болатын. Мұндай деректерді кәсіпкер қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын және тауар чектерінің кітабында да көрсетеді.
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары басқа тәртіппен жұмыс жасайды. Олардың модификациясында беруші құрылғы, модемі бар. Аталған модемнің көмегімен, әр ұрылған чек туралы барлық ақпарат фискалдық деректер операторына, яғни, «Қазақтелеком» АҚ-на, әрі қарай, салық органдарына жедел беріледі. БКМ жаңа түрлері 2015 жылдың 1-шілдесінен бастап – әр түрлі отынның (бензин, дизельді отын), алкоголь өнімін сатушылармен қолданыла бастады.
2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап заң негізінде, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ-ды қолдану келесі тұлғаларға жүктелді, атап айтқанда – шаштараздар мен сұлулық салондары, қонақ үйлері мен мейрамханалар, ағаш материалдарын, құрылыс материалдарын және сантехникалық жабдықтарды, металл бұйымдарын, су құбырын және жылыту жабдықтары мен мүкәммалын көтерме саудада сатумен айналысатын кәсіпкерлер. Сәйкесінше, компьютерлерді, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтымды, аудио және бейнетехниканы, тұрмыстық электр аспаптарын, жиһазды, жарықтандыру жабдықтары мен өзге де тұрмыстық керек-жарақтарды бөлшек саудада сатумен айналысатын кәсіпкерлер. Тізбеде тамақ өнімдерін жеткізу бойынша және кинофильмдер көрсету жөніндегі қызметтер де бар.
Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде салық органдарында деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары есепке қоюға жатады. Мұндай әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруға жатады.
Бақылау-касса машиналарын қолдану барысында, кәсіпкерлерге келесіні ескеру қажет:
1) ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою жүзеге асырылады және де, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген бақылау-касса машинасы тіркеуге жатады.
2) тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін (электрқуаты болмаған немесе БКМ ақаулылық болған жағдайда) беру жүзеге асырылады;
3) қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы толтырылады;
4) ауысым (смена) аяқталған кезде, БКМ моделін дайындаушының техникалық талаптарына сәйкес ауысым есебін (Z-отчет) алумен «ауысым соңы» рәсімі жүргізіледі. БКМ үшін ауысым кезеңі 24 сағаттан аспау қажет.
2019 жылдан бастап алдағы уақытта оңайлатылған режимде киоск, шатыр, лотоктар арқылы базарларда саудамен айналысатын кәсіпкерлер де БКМ қолданатын болады.

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының бас маманы Ж.Нысанбаев

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw