Құрметті Түркістан облысының салық төлеушілері !

0Общее количество посещений .

Бөлісу

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық төлеушілерге мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша қойылған міндеттер шеңберінде бюджетпен онлайн төлемдер мен қолма – қол ақшасыз есеп айырысу үлесін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Салық төлеушілердің екінші деңгейлі банктерде банк шотының бар болған жағдайда банкоматтар мен басқа электрондық құрылғылар арқылы бюджетке төлемдерді жүзеге асыра отырып, салық міндеттемесін уақытылы орындауға мүмкіндіктері бар.

Банкоматтар мен басқа электронды құрылғылар арқылы салық төлеудің ең маңызды артықшылығы – кез келген уақытта және кез келген елді мекенде банктерге келмей, кезектерде тұрмай бюджетке төлемдерді төлеуге қабілетті. Бұл ретте, электрондық қызметтерге екінші деңгейлі банктерде белгіленген тарифтерден әлдеқайда төмен.

2018 жылдың 1 тамызынан бастап, еGov.kz порталында барлық салықтарды және бюджетке төлейтін міндетті төлемдерді авторизация жасамай және ЭСҚ қол қоймау мүмкіндігінсіз ақ салықтарды төлеу бойынша жаңа қызмет пайда болды. Бұған дейін «электрондық үкімет» порталында жеке тұлғалар үшін  мүлік, жер және көлік салықтарын ғана төлеуга қол жетімді болған.

Ол үшін eGov.kz порталында «Салықтар және қаржылар» — «Салық салу» — «Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырманы басып, қызметке тапсырыс беруге болады. Салықтөлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем болғанын растайтын электронды чек беріледі.

Салық төлеуші жеке тұлға ретінде авторизациялану және БСН деректерін толтырып және керісінше заңды тұлға салықтарын төлеу мүмкіндігіне ие болады.

Бүгінгі күні порталда 18 түрлі салықтар бойынша төлеу мүмкіндігі бар: корпоративтік табыс салығы; жеке табыс салығы; әлеуметтік салық; ЗТ және ЖК мүлiгіне салынатын салықтар; жер салығы; ЗТ көлiк құралдарына салынатын салық; бірыңғай жер салығы; қосылған құн салығы; акциздер; арнайы төлемдер және жер қойнауын пайдаланушылар салығы; экспортқа салынатын рента салығы; ойын бизнесіне салық; тіркелген салық; алымдар; төлемдер; кедендік төлемдер; басқа төлемдер және баждар.

Ал, 2018 жылдың соңына дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында http://kgd.gov.kz/ жүзеге асырылатын болады.

Барлық салықтарды төлеу және бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша жаңа қызметті іске қосу туралы баспасөз хабарламалары Мемлекеттік кірістер комитетінің әлеуметтік желілерінің ресми беттерінде, «электронды үкімет» порталында жарияланған.

Салық төлеушіге банкомат арқылы немесе басқа электрондық қондырғы арқылы салықты төлеу үшін төлемді жүзеге асырған кезде, бюджетке төлемнің төленгенін растайтын құжат беріледі.

Банкомат арқылы немесе басқа электрондық қондырғы арқылы салықты төлеу үшін төлемді жүзеге асырған кезде, салық төлеуші үшін салық міндеттемесін орындау күні болып, осындай төлемді жүзеге асырған күн саналатынын атап кету керек.

Банкомат арқылы немесе басқа электрондық қондырғы арқылы салықты төлеу үшін төлемді жүзеге асырған кезде, салық төлеушінің дербес шотында өсімпұл есептелген жағдайда, салықтарды және бюджетке төлейтін міндетті төлемдерді төлеуге қолма-қол ақшаны енгізген күннен және банктік шоттан ақшаны жойған күнгі күннен басқа, аталған төлемді жүзеге асырған күн есептелінеді.

 

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «Ақпаратты қабылдау

 және өңдеу орталығы» бөлімінің бас  маманы  Д.Исабекұлы

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw