Банктерден шот ашу туралы өзгерістер

0Общее количество посещений .

Бөлісу

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық Кодексі едәуір толықтырулар мен өзгерістері қоса пайдалануға еңгізілді.
Бұл Кодексте идеологиясын өзгерту қарастырылған, енді ол адал салық төлеушілердің мүддесін қорғау үшін шығарылған. Бұдан бөлек, Кодексте әр түрлі экономикалық салаларды ынталандыру және әкімшіліктендіруді жеңілдетуі қарастырылған, ол өз кезеңінде өз бетімен салық төлеуді ынталандырады.
Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттерiне өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, Кодекстің 24-бабыың негізінде екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар:
— корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттарды, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттарды қоспағанда, мыналарға:
— әрекет етпейтін деп танылған салық төлеушіге;
— осы екінші деңгейдегі банкте ашылған, салық органдары инкассалық өкімдер немесе салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығарған банк шоты бар салық төлеушіге;
— салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банктік шоттар ашудан бас тартуға міндетті.
Осылайша, қолданысқа алынған салық заңнамасы жосықсыз салық төлеушілерге жаңа банктік шоттар ашуға мүмкіншілік бермейді, және салық толеушілерді салықтық міндеттемелерін уақытылы орындауға ынталандырады.

 

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер

басқармасының жетекші маманы Л.Орунбекова

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw