Егер жұмыскердің кірісі 25 АЕК аспаса, жұмыскердің салық салынатын кірісі сомасынан 90 % мөлшерінде табыс салығынан босатылады

0Общее количество посещений .

Бөлісу

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 165-VІ Заңымен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына жұмыскердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен (бұдан әрі – 25 АЕК) аспайтын кірісін айқындау кезінде, осындай кіріс сомасының 90 пайызы мөлшерінде жұмыскердің салық салынатын кірісіне түзетуді қолдануды көздейтін түзету енгізілді. Бұл норма 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Осылайша, 2019 жылдан бастап, егер жұмыскердің кірісі 25 АЕК аспаса, жұмыскердің салық салынатын кірісі сомасынан 90 % мөлшерінде түзету қолданылатын болады, тиісінше егер жұмыскердің есептелген кірісі 25АЕК асқан жағдайда, жұмыскердің салық салынатын кірісі сомасынан 90% мөлшерінде түзету қолданылмайды. Жеке тұлға еңбек қызметін бірнене жұмыс берушіде жүзеге асырған жағдайда және  әрбір жағдайда жұмыскердің есептелген кірісі 25АЕК аспаса, онда жұмыскердің салық салынатын кірісі сомасынан 90 % мөлшерінде түзетуді әрбір жұмыс беруші қолданатын болады.

 

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік

 кірістер бақармасының  бөлім басшысы  Д.Рахманкулов

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw