Электрондық казино, ойын автоматтары, букмекер кеңселері, тотализаторлар: аталған қызмет түрлері Қазақстанда заңды түрде жүзеге асырылып отыр ма – Төлеби ауданы бойынша  Мемлекеттік кірістер басқармасы түсіндіреді

0Общее количество посещений .

Бөлісу

Ойын бизнесі — құмар ойындар және (немесе) ставкаларды ұйымдастыру және өткізу бойынша кәсіпкерлік қызметті дамыту — Қазақстан экономикасының тиімді қызмет салаларының бірі және сонымен бірге, ол қылмыстың әсеріне ұшыраған кәсіпкерлік қызмет салаларының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасында ойын бизнесін реттейтін арнайы заң 2007 жылы пайда болды. Осы нормативтік құқықтық актіге сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметті мемлекеттік реттеудің негіздері анықталды және азаматтардың моральдық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында осы қызметті жүзеге асыру бойынша шектеулер белгіленді.

Мысалы, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі — Заң) 6-бабына сәйкес ойын бизнесі саласындағы қызметтің мынадай түрлері іске асырылады:

1) казино;

2) ойын автоматтар залы;

3) букмекер кеңсесі;

4) тотализатор.

Сонымен бірге, Заңның 11-бабына сәйкес казино мен ойын автоматтарының залдары, жергілікті атқарушы органдарымен анықталған аумағы шегінде Ақмола облысының Шортанды ауданында және Алматы облысының Қапшағай су қоймасының жағасында орналастыруына жатады. Оларды басқа жерлерде ашуы заңсыз болып танылады.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының аумағында интернет-казино мен электрондық казино әрекетін іске асыруға тыйым салынады.

Казиноның электрондық казинодан ерекшелігі, табысты алуын көздейтін және электрондық ақша мен (немесе) Интернет желісі арқылы нақты уақыты режиміндегі құмар ойындарын ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндіктерін іске асыратын, интернет-ресурс пен (немесе) аппараттық-бағдарламалық кешенін қолдануында жасалынған.

Интернет-казино – бұл табысты алуын көздейтін және электрондық ақша мен (немесе) Интернет желісі арқылы нақты уақыты режиміндегі құмар ойындарын ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндіктерін іске асыратын  интернет-ресурс.

Қазіргі уақытта ойын бизнесі қоғам үшін елеулі қаупі бар екендігін атап өкен жөн, ал оны реттеу бойынша қабылданған құқықтық шаралары осы әрекеттің зиянды әсерінен қоғамды қорғауға жеткіліксіз болып отыр.

Сонымен бірге, жария бизнесімен ойын автоматтары мен электрондық казино әрекеттерін іске асыра бастады.

Құмар ойындарын заңсыз ұйымдастыру мен өткізу қоғамда адамгершілікті қамтамасыз ететін ережелерді бұзумен ғана ұштаспайды, ол сондай-ақ адамдардың денсаулығына зақым келтіреді.

Заңсыз ойын мекемелерінің сандарының қарқынды өсуі «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге қажеттілігін туындатты.

2017 жылдан бастап ҚР мәдениет пен спорт министрлігімен «Ойын бизнесі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» заңының жобасын әзірлеуі басталды, ол келесіні көздейді:

— Алматы облысында өзіне енгізетін, рұқсат етілетін ойын аймақтарының тізімі кеңейтілді: Қапшағай су қоймасының жағасы және Талғар ауданының Ақбұлақ ауылы, Маңғыстау облысы, Ақмола облысының Шортанды ауданы, «Хоргос» шекаралық қызметтестігінің Халықаралық орталығымен шекарасында;

— ойын мекемелерінде көрсетілуге жататын оқиғалардың түрлері анықталды, яғни:

букмекерлік кеңсесіне алдағы нақты спорттық оқиғаларына ғана бәстер қабылданады;

ал тотализаторда ипподромда тек қана алдағы нақты ат-спорттық ойындарына қабылданады;

— бәстер мен құмар ойындарында қатысудың өзіндік шектеулері механизмін жүргізу. Жеке тұлға өз бетінше жазбаша өтінішті беруі жолымен алты айдан бастап мерзімімен бәс немесе құмар ойындарында қатысуында өзін шектей алады;

— лотереялар мен басқа да құмар ойындарын өткізу нәтижелері, сонымен бірге биржалық тауарлар немесе құнды қағаздарының кодтарын өзгерту, ұлттық валютасына шетел валютасының курсын өзгертуінен шығысы байланысты болатын не оқиғалардың тікелей көрсетілуінен басқа кез-келген көзбен шолуы және/немесе жабдықтарды қолдану жолымен анықталатын (механикалық, электрлік, электрондық немесе басқа да техникалық жабдықтары) немесе компьютерлік жүйелерімен тудырылған оқиғаларына бәсті жасасуына тыйым салынуы;

— тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуына ынталандыратынына бағытталған (сары-жасыл терминалдар), сыйақыларды ұтысқа салуы түрімен бәс және (немесе) құмар ойындарын ұйымдастыруына және өткізуіне тыйым салынуы.

Сонымен бірге ол бойынша төлеу және жеңу туралы ақпараттың есебі және сақтауы, алуы, бәсіне мөлшерлерінің есебі мен тіркеуін қамтамасыз ететін мөлшерінің есебі орталығын жүргізуі ұсынылады.

Осыдан басқа, сот-тергеу тәжірибесінің талдауына сүйенсек, Қылмыстық кодексінде (әрі қарай — ҚР ҚК) және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде (әрі қарай – ҚР ӘҚК) заңсыз лотереяны өткізуі және ұйымдастыруы үшін жауапкершілік көзделмеген.

Бүгінгі күнде лотереялық әрекетін іске асыруы рұқсаттамалар мен ескертулер туралы заңнамасымен реттелмейді және лицензиялық қызмет болып табылмайды.

Осымен бірге, электрондық терминалдар арқылы іске асырылатын әрекетінен табысын, интернет ресурстарына қол жетімділік болған кезде (логин және құпиялы сөз) ғана белгілеуге болады, олар арқылы терминалдар қашықтықтан басқарылады.

Осымен байланысты, Комитетпен осы әрекет үшін жауаптылықты көздейтін, ҚР Қылмыстық кодексіндегі қосымша бапты енгізу ұсынылған.

Қолданыстағы Заңның нормаларынан айналып өту мақсатында компьютерлік клубтар, тотализаторлар, букмекерлік кеңселер, лотереялық билеттерін сатуы бойынша жариялы әрекеті түріне келтіріп құмар ойындарын іске асыру үшін әртүрлі схемалар енгізіледі.

Яғни құмар ойындар желісі ойын аймағынан тыс ойын жабдықтарын қолдануымен, не ҚР аумағынан тыс тіркелген сайттарында интернет арқылы қызметтерді ұсынуымен ұйымдастырылады және өткізіледі.

Электрондық казиноны өткізу Заңмен Республиканың барлық аумағында тыйым салынған. Бірақ, осы тыйым салуды бұзуында, осындай деректер анықталады. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, құмар ойын интернет ресурсы арқылы электрондық казиноны ұйымдастыруды, әкімшілік құқықтары бар тұлғалар ғана ақпараттық технологияларды әзірлеп отырған.

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер

басқармасының бас маманы Д.Исабекұлы

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw