Этикалық қызмет нормаларын сақтау бойынша коллективпен кездесу өткізілді

0Общее количество посещений .

Бөлісу

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы А.Бакибаева қызметкерлері арасында кездесу өткізді.

Осы кездесуде жаңа жылдық мерекесіне байланысты әрбір қызметкерге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңның талаптарын және Әдеп кодексінің нормаларын сақтау қажеттілігі туралы ақпарат жеткізілді.

Ұжымдық кештер өткізілген жағдайда, қызметтен тыс уақытта, әсіресе қоғамдық орындарда, достары мен туысқандары арасында мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде әрбір қызметкер жеке аккаунттарда суреттерді, бейнетүсірілімдерді орналастыру кезінде жеке мінез-құлқына және мінез-құлық нормаларына назар аударуы тиіс.

Аталған мерекелерге байланысты жеке тұлғалардан немесе заңды тұлғалардың өкілдерінен қандай да бір сыйлықтар алуға үзілді-кесілді тыйым салынады.

Кездесу соңында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және заңсыз сыйлықтарды қабылдаудың алдын алу мақсатында «Адал еңбектің абыройы жоғары» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

 

Жетекші маман А.Бакибаева

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw