Мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтату

0Общее количество посещений .

Бөлісу

Қазіргі таңда, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің барлық аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары ағымдағы жылдың басынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі ) кодексінің 93 бабының талабына сәйкес келетін, резидент-заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері, қызметін құрылымдық бөлімше ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлердің мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтату жұмыстарын атқаруда.
Жоғарыдағы бап талабына сәйкес:
— күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен кем болмайтын мерзімде, салықтық есептілікті ұсынбаған, экспорттық-импорттық операцияларды жасамаған, егер күнтізбелік жыл ішіндегі төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын жалақының 12 еселенген ең төмен мөлшерінен аспайтын жағдайларды қоспағанда, банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алуды жүзеге асырмаған, қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған.
— күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған, осы Кодекстің 213 және 214-баптарында айқындалған тәртіппен салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрмаған, жеке тұлғалардан мүлік, көлік құралдары салықтары, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектілерді қоспағанда, меншік құқығында көрсетілетін салықтар салынатын объектілері жоқ жоғарыдағы субъектілердің (осы Кодекске сәйкес салықтық мониторингке жататын, қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілерді қоспағанда) қызметі сот орындары арқылы мәжбүрлі түрде тоқтатылып, тіркеуден шығарылатын болады.
Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі ) кодексінің жоғарыдағы бабына сәйкес жыл сайын атқарылатын болады.

 

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер

басқармасының бас  маманы Д.Исабекұлы

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw