ҚҰРМЕТТІ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

0Общее количество посещений .

Бөлісу

Кез-келген тауарды сатып алу немесе қызмет алу барысында өзіңіздің заңды чегіңізді талап ете отырып, Сіз:

  • Көлеңкелі экономиканы қысқартуға, шынайы экономиканы дамытуға қолдау көрсетуге, бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді арттыруға, нәтижесінде бюджет тапшылығын болдармауға, сол арқылы зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы және бюджеттік мекемелердің еңбекақысын өз уақытында, толық көлемде алуына мүмкіндік туындатуға;
  • Төлеби ауданының тұрғындары мен салық төлеушілерінің салықтық мәдениетін көтеруге, патриоттық сезімін нығайтуға;
  • Кәсіпкерлер арасындағы шынайы бәселекестіктің дамуына;
  • Тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға үлес қоса аласыз.

Және де ең бастысы, Сіз өз чегіңіз арқылы барлық жағдайда өзіңіздің тұтынушылық құқығыңызды қорғай аласыз. Өйткені, алған тауарыңыз немесе қызметіңіз денсаулығыңызға кері әсерін тигізсе, сапасы берілген кепілдікке сәйкес келмесе, Сізге дәлелді құжат ретінде бірінші кезекте чек қажет болады.

Сондықтан, кез-келген тауарды немесе қызметті алу барысында чекті талап ету – өз құқығыңызды сауатты түрде қорғаудың алғашқы қадамы!

 

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жетекші  маманы А.Оралхан

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw