Салық төлеушілер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне тұру туралы өтінішті салық органдарына тапсырудан босатылды

0Общее количество посещений .

Бөлісу

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VІ Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салық салу объектілерінің және (немесе) салық салу мен байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша заңды және жеке тұлғалардың салық органдарына тіркеу есебіне тұру міндеттемесі алынып тасталды.

Қазіргі уақытта «Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі» мемлекеттік қызметін көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінен алып тастау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осыған байланысты, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтөлеушілер салық салу объектілерінің және (немесе) салық салу мен байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне тұру туралы өтінішті салық органдарына тапсырудан босатылған.

 

 Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «Ақпаратты қабылдау

 және өңдеу орталығы» бөлімінің басшысы Д. Рахманкулов

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw