Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару

0Общее количество посещений .

Бөлісу

101бап. Салық органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызуды және қайтаруды мынадай тәртіппен:
1) салықтық өтініш негізінде есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізген жағдайда – салық органдары осындай өтінішті тіркеген күннен бастап;
2) өтінішсіз есепке жатқызуды жүргізген жағдайда – салық төлеушінің жеке шотында артық төленген сома түзілген күннен бастап есептелетін он жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Салық органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын қайтаруды бюджетке салықтық берешегі болмаған кезде салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде оның банктік шотына жүргізеді.
Салық органы салықтық берешегі болған кезде есепке жатқызуға арналған салықтық өтінішті ұсынбастан, орын алған салықтық берешекті өтеу есебіне салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуды жүргізеді.
Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылса, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу – есепке жатқызуға арналған салықтық өтініш ұсынылмастан, заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшелерінің орын алған салықтық берешегін өтеу есебіне жүргізіледі.

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының жетекші маманы Ж.Тургимбаева

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw