Салықтарды «Электронды үкімет» порталында төлеуге жаңа мүмкіндіктер

0Общее количество посещений .

Бөлісу

eGov.kz порталында барлық салықтар мен басқа міндетті төлемдерді авторизациясыз, электронды цифрлық қолтаңбамен қол қоюсыз бюджетке төлеу жаңа қызметі іске қосылды.

eGov.kz порталында «Салықтар және қаржылар» — «Салық салу» — «Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырмасын басып, қызметке тапсырыс беруге болады.

Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем жасалғанын растайтын электронды чек беріледі.

Салық төлеуші жеке тұлға ретінде авторизацияланып, заңды тұлғаның БСН деректерін толтыра отырып, заңды тұлға үшін салықтарда төлеу мүмкіндігіне ие болады және керісінше заңды тұлға жеке тұлғаның салықтарын төлей алады.

Осыған дейін «Электронды үкімет» порталында жеке тұлғалар үшін салықтардың үш түрі: мүлік салығы, көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы бойынша төлеу мүмкіндігі болатын.

Бүгінгі күні порталда 18 түрлі салықтар бойынша төлемдер жасауға мүмкіндік беріліп отыр:

— корпоративтік табыс салығы;

— жеке табыс салығы;

— әлеуметтік салық;

— заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің мүлiгіне салынатын салықтар;

— жер салығы;

— заңды тұлғаның  көлiк құралдарына салынатын салық;

— бірыңғай жер салығы;

— қосылған құн салығы;

— акциздер;

— арнайы төлемдер және жер қойнауын пайдаланушылар салығы;

— экспортқа салынатын рента салығы;

— ойын бизнесіне салық;

— тіркелген салық;

— алымдар;

— төлемдер;

— кедендік төлемдер;

— басқа төлемдер және баждар.

Осыған ұқсас қызмет түрі 2018 жылдың соңына дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында http://kgd.gov.kz/ жүзеге асырылатын болады.

 

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы М.Бимырзаева.

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw