Шетелдік қаржыландыру мониторингі

0Общее количество посещений .

Бөлісу

Шетелдік қаржыландыруды енгізу шетел төлем көздерінен алынған қаржылардың жұмсалуын айқындығы дәрежесін жоғарылату мақсатымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына байланысты өңделген.

Шетелден қаражат алған тұлғалар өзінің іс-қимылы жөнінде, мәміле түзілгеннен кейін 10 жұмыс күн аралығында мемлекеттік кірістер органдарына хабарлама тапсырады. Сондай-ақ, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күніне дейін (яғни, 15 ақпан, 15 мамыр, 15 тамыз, 15 қараша), жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік кірістер органдарына шетел мемлекеті, халықаралық және шетел ұйымдары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалардан алған және жұмсалған ақша мен басқа да мүліктер туралы мәліметтер тапсыруға тиісті.

Шетелден қаражат алған тұлғалар, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінде қаралған міндетті орындамаған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі шетелден алған қаржы туралы мәліметті беру тәртібінің бұзылғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қарастыратын 460-1 және 460-2 баптарымен толықтырылған.

 

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер

басқармасының жетекші  маманы А.Тажиев

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw