«Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» науқанының жеңімпаздарына алғашқы жүлделері табыс етілді

0Общее количество посещений .

Бөлісу

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті  «Атамекен»  ҰКП-мен бірге, азаматтық белсенділікті арттыруға, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқартуға, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыруға бағытталған  «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» науқанын жалғастырып жатыр.

Науқанға қатысу үшін чектерді қабылдау ағымдағы жылдың
21 мамырынан  30 қарашасына дейінгі мерзімде жүргізіледі.

2018 жылдың 21 мамырынан  25 шілдесіне дейнгі мерзімде науқанда қатысушы ретінде 528 544 чек жіберген 10 124 жеке тұлға тіркелгеніне мәлімет үшін назар аударамыз.

Өткен айлар нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында ұтыстар өткізілді және жүлделер табыс етілді, жеңімпаздар тізімі www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан.

Науқанда «Wipon» тегін мобильді қосымшасы арқылы бақылау-касса машинасының фискалды чегін жіберу жолымен тауар, жұмыс және қызметті сатып алды растаған Қазақстан Республикасының барлық азаматтары қатыса алатынын еске саламыз. Көрсетілген «Wipon» тегін мобильді қосымшасын AppleAppstore және Google Playmarket-тен жүктеп алу қажет.

Сонымен, «Wipon» мобильді қосымшасы «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» науқанына қатысуға ғана емес, сондай-ақ фискалды чекті бермеген жағдайда арыз беруге мүмкіндік береді.

 

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «Ақпаратты қабылдау

 және өңдеу орталығы» бөлімінің бас  маманы М.Агабеков

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw