Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

0Общее количество посещений .

Бөлісу

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында»
Н.Ә.Назарбаев

Кешегі 9 қаңтар күнгі елбасымыздың халқына жолдауын осы отырған барлығымыз білеміз. Ең алдымен әлем Төртінші өнер кәсіптік ревалюция дәуіріне, техналогиялық, эканомикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне аяқ басқанымызды айтқан болатын. Бүгінде біз жаһандық өзгерістер мен сын қатерлерге дайын болуымыз үшін елбасымыздың «Қазақстан-2050» стратегиясын ұсынып, бүгінде біз озық дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатын ұстанып отырмыз. Осы орайда 100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылып жатыр. Оның 60 қадамы бүгінде орындалып қойды. Ал қалғандары ұзақ мерзімге арналған жоспарлар болып табылады.

Соның ішінде ел басымыз жаңа әлем көш басшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екендігін айта келе Төртінші өнер кәсіптік элементтерін кеңінен енгізу керектігін атап өтті. Ол үшін ең алдымен мына міндеттерді алға тартуымыз қажет.

  1. Индустрияландыру жаңа техналогияларды енгізудің көшбасшысына айналуымыз керек.
  2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.
  3. «Ақылды технологиялар» — агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.
  4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
  5. 5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
  6. 6. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».
  7. 7. Адами капитал — жаңғыру негізі.
  8. 8. Тиімді мемлекеттік басқару.
  9. 9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.
  10. 10. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

Бұл тапсырмалар мен міндеттерді ынтымағымыз бен бірлігіміздің арқасында жұмыла жүзеге асыруымыз қажет.

 

                                                                                   Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының

Жетекші маманы Ж.Тургимбаева

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw