Өз кәсібіңізді аштыңыз ба — дара кәсіпкер ретінде тіркелуден бастаңыз

0Общее количество посещений .

Бөлісу

Егер сіз алғаш рет өзіңіздің шағын бизнесіңізді ашуға шешім қабылдасаңыз, онда дара кәсіпкер (ДК) ретінде тіркелу рәсімін білгеніңіз жөн.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда дара кәсіпкер ретінде тіркелу жеңілдетілді, бұл тәртіп өтініш беру рәсімінен хабарлама беру рәсіміне ауыстырылды. Бұл үшін мемлекеттік кірістер органдарына кәсіпкерлік қызметті бастағаныңыз туралы хабарлама жіберсеңіз болғаны. Оны мына 2 әдістің бірімен жүзеге асыруға болады:

1) электронды түрде (онлайн) – еlicense.kz «электронды лицензиялау» порталы арқылы;

2) келу арқылы – мемлекеттік кірістер органдарына өзі келу арқылы.

Хабарлама жіберілген уақыттан бастап, бизнеспен айналысуға болады, және бұл дара кәсіпкер ретінде тіркелгеніңізді растайды. Аталған қызмет түрі тегін көрсетіледі.

Онлайн тәртіпте ДК тіркеу рәсімі. Кәсіпкерлік қызметтің бастағаны туралы хабарламаны жіберу үшін elicense.kz порталында тіркелуден өту қажет. Аталған порталда тіркелгеннен кейін, «Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы хабарлама» қызметінің парақшасына өту қажет. Аталған сілтеме elicense.kz порталындағы басты беттің оң бөлігінде танымал қызметтер тізімінде, сондай-ақ eGov.kz порталында «Бизнеске → Бизнесті тіркеу және дамыту → Бизнесті тіркеу және жою» бөлімінде орналасқан. Қызметтің парақшасында «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басып, лицензиарды, яғни дара кәсіпкер ретінде сіз тіркеу есебінде тұратын мемлекеттік кірістер органдарын  таңдау ұсынылады. Одан кейін, ашылған парақшада өтініш жолағын толтыру қажет. Егер сіз ЭЦҚ көмегімен тіркеліп кірген болсаңыз, онда жолдардың басым бөлігі автоматты түрде толтырылатын болады. Осы парақшаның соңғы бөлігінде «Мемлекеттік кірістер органдарынан растауды сұрату» тармағы бар, онда «Жіберу» батырмасын басып ДК ретінде тіркелу мүмкіндігінің мақұлданғаны туралы хабарламаны күту қажет.  «Одан әрі» батырмасын басқаннан кейін, сіздің болашақ кәсіпорныңыздың реквизиттері мен параметрлерін – мекен-жайын, атауын, қызмет түрін (ОКЭД) көрсетуі қажет жолақтар ашылады. Сонымен қатар осы парақшада төменде көрсетілген салық режимдерінің бірін таңдап, көрсету қажет:

▪ патент негізіндегі арнаулы салық режимі (бұл салық режимін таңдаған жағдайда, кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарламамен бірге патент құнының есебі қоса ұсынылады);

▪ оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;

▪ тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қамтитын арнаулы салық режимдерін;

▪ шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимі;

▪ жалпыға бірдей белгiленген тәртiп.

Қалыптастырылған сұрауға ЭЦҚ-мен қол қойылады, одан кейін 1 жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді есепке қою жүзеге асырылады.

Келу арқылы дара кәсіпкер ретінде тіркелу рәсімі. Кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарламаны толтырып, оны кірістер органына ұсыну арқылы дара кәсіпкер ретінде тіркеле аласыз. Кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарламада қажетті реквизиттері: мекен-жайы, атауы, қызмет түрі (ОКЭД),  төменде көрсетілген салық режимдерінің бірін таңдап, көрсетуі қажет:

▪ патент негізіндегі арнаулы салық режимі (бұл салық режимін таңдаған жағдайда, кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарламамен бірге патент құнының есебі қоса ұсынылады);

▪ оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;

▪ тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қамтитын арнаулы салық режимдерін;

▪ шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимі;

▪ жалпыға бірдей белгiленген тәртiп.

Дара кәсіпкерді есепке қою бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

 

Жетекші маман А.Джуманазаров

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw