2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні


Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуін, қайта тіркеуін сот арқылы жарамсыз деп  тану

0Общее количество посещений .

Бөлісу

Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларымен басшысы және (немесе) құрылтайшысы қаржы-шаруашылық қызметті іске асыруға және (немесе) тіркеуге (қайта тіркеуге) қатысы жоқ кәсіпкерлік нысандардың мемлекеттік тіркеуін, қайта тіркеуін жарамсыз деп тану туралы сот органдарына талап арыздар жолдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының «Салық заңнамасын қолданудың сот практикасы туралы» Нормативтік қаулысының 9 тармағына және Салық кодексінің 19 бабы 1 тармағының 10 тармақшасына сәйкес, мемлекеттік кірістер органы заңды тұлғаны құру кезінде жойылмайтын сипаттағы жіберілген заңнаманы бұзушылықтарға байланысты оның тіркеуін жарамсыз деп тану негізі бойынша заңды тұлғаны тарату туралы соттарға талаптар қоюға құқылы (АК-нің 49-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы).
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуін, қайта тіркеуін сот жарамсыз деп тапқан жағдайда заңды тұлғаның контрагенттері үшін салық міндеттері бойынша құқықтық салдарлар күшіне енеді.
Осы бағыт бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік кірістер Департаменті және оның аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларымен басшы немесе құрылтайшының заңды тұлғаны тіркеуге қатыспағаны туралы 59 дерек анықталды.
Сот органдарына жіберілген 59 талап арыздар бойынша 45 тіркеу, қайта тіркеуін жарамсыз деп тану туралы сот шешімдері қабылданды және осы заңды тұлғалардың контрагенттерінен салық сомасын өндіру жұмыстары атқарылуда.
Қалған талап арыздар бойынша сотта қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер   

                                                                            басқармасының жетекші маманы Ж.Тургимбаева

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw