Жер салығы

0Общее количество посещений .

Бөлісу

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мынаны хабарлайды:
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 23 тамыздағы № 514 бұйрығына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттік сыныптама кодтары бойынша бюджет түсімдерінің сыныптамасы өзгертілді.
104302 БСК – елді мекендердің жерлеріне жер салығы;
104309 БСК —   елді мекендердің жерлеріне жер салығын қоспағанда, жер салығы.
Осылайша, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке, заңды тұлғалардан және ДК «елді мекендердің жерлері» санаты бойынша төлемдер 104302 БСК-на түсуі тиіс.
104309 БСК-на елді мекендердің жерлеріне жер салығын қоспағанда, жер салығы (жерлердің санаттарына – ауылшаруашылығы мақсатындағы, өнеркәсіп, орман және су қорының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары кіреді) бойынша төлемдертүсуі тиіс.

 

 

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер

басқармасының жетекші  маманы А.Джуманазаров

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw