АТА ЗАҢДЫ ҚАТАҢ САҚТАЙМЫН

АТА ЗАҢДЫ ҚАТАҢ САҚТАЙМЫН

АТА ЗАҢДЫ ҚАТАҢ САҚТАЙМЫН 1280 720 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларына сәйкес, ант беретін адам Қазақстан Республикасының Конституциясына қолын қойып тұрып, анттың мәтінін айтады немесе оқып береді. «Мемлекеттік қызмет атқаруды қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру ретінде бағалап, Қазақстан халқы алдындағы өзімнің биік жауапкершілігімді сезіне отырып, елдің Конституциясы мен заңдарын сақтауға, халқыма адал да білікті қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін» деуі керек мемлекеттік қызметші.

Ал, Қазақстан Республикасының Президенті: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін» деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының «Президент» деп аталатын ІІІ бөлімінің 42-бабының                1-тармағында айтылған.

Меніңше, мемлекетіміздің Конституциясына қол қойып, ант беру зор жауапкершілік жүктейді. Кезінде мен де еліміздің Конституциясын, басқа да заңдарын сақтауға ант бергенмін. Республикамыздың Ата Заңын қатаң сақтап қана қоймай, осы маңызды құжаттың тарихы туралы көбірек білуге талпынамын.

Қазіргі Конституциямызды әзірлеу барысында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әртүрлі мемлекеттердің 20-ға жуық заңын қарастырып, зерттеген екен. Нәтижесінде 1995 жылғы Конституция мемлекеттік билікті ұйымдастыру және бөлу саласындағы Америка Құрама Штаттарының тәжірибесін пайдаланыпты. Ал,тұлғаның құқықтық мәртебесі туралы айтқанда, Қазақстанның Ата Заңы француздық Конституцияға жақын екенін білесіз бе?

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы қабылданғанымен, конституциялық бақылауды (нормативтік актілер, халықаралық келісімдердің Негізгі Заңымызға сәйкес келуін тексеру) жүргізу қажеттілігі пайда болды. Бұл қызметті мемлекетімізде бірінші кезде Конституциялық Сот атқарыпты. Бұл кезең 1992 жылдың маусымы мен 1995 жылдың қазаны аралығы екен. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесін құру туралы шешім 1995 жылдың 29 желтоқсанында қабылданған. Конституциялық Кеңестер тек Қазақстанда, Францияда бар екенін білуші ме едіңіз?

Республикамыздың қолданыстағы Конституциясына толықтырулар енгізу мақсатындағы заңдардың 1998 жылдың 7 қазанында, 2007 жылдың               21 мамырында және 2011 жылдың 2 ақпанында қабылданғанын да білген абзал.

Н.САЛЫБЕКОВ,

аудан әкімі аппараты персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметі) басшысы.

Leave a Reply