АУДАН ӘКІМІ БАУЫРЖАН ОМАРБЕКОВ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ БАУЫРЖАН ОМАРБЕКОВ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ БАУЫРЖАН ОМАРБЕКОВ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ 2048 1365 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Елбасының жарлығына сәйкес аудан әкімі Бауыржан Омарбеков Төлеби аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесулерін қорытындылады.

Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаттары, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Аудан әкімінің өткен жылы атқарған жұмыстары арнайы дайындалған бейнероликпен көрсетіліп, 2020 жылы ауданымызда атқарылатын жұмыстарының бағыттарын баяндады. Есептік кездесуге халық белсене қатысып, өз ұсыныстары мен сұрақтарын қойды. Аудан тұрғындары 2019 жылы аудан аумағында атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, аудан әкімінің 2020 жылы ауданды дамытуға бағытталған мақсаттары мен міндеттеріне жеке-жеке тоқталып, күн сайын ақпарат ретінде жарияланатын болады.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply