АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ 1024 683 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Бүгін 13 мамыр күні Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан басшысына арыз-шағымдарын тікелей бетпе-бет жеткізуге мүмкіндік алған азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй мәселесіне қатысты сұрақтарын ортаға салды.

Жеке қабылдауға келген азаматтар 1 мөлтек ауданындағы 17-ші үйдің кәріс жүйесіне қатысты, Қ.Дүйсемұратұлы көшесіндегі ескі 2 қабатты тұрғын үйлердің мәселесі туралы сұрақтарын қойды.

Аудан басшысы тұрғындардың сауалдарын мұқият тыңдап, заңға сәйкес шешілу жолдарын түсіндіріп, қала әкімі мен тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі  

Leave a Reply