АУДАНЫМЫЗДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

АУДАНЫМЫЗДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

АУДАНЫМЫЗДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ 1944 1296 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Бүгін аудандық мәдениет үйінде 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай мерекелік шара өтті.

Жиын басында аудан әкімі мәдениет қызметкерлері ұсынған көрмені тамашалады.

Салтанатты рәсімде аудан тұрғындарын құттықтаған аудан басшысы Бауыржан Омарбеков «Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының соңғы жиырма сегіз жыл тұтқасын ұстап, туын көтерген тұрлаулы да тұғырлы тұлғасы – тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Қазақ елінің көшбасшысы Ұлы даланың тағдыр-тарихын барлық дем тынысымен түсініп, елінің ендігі тарихын сол ұлылар рухында одан әрі жаңғырта, жасарта алып өтті»-деп тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі Елбасының еселі еңбегі екенін айтып өтті.

Мерекелік шара марапаттау сәтіне ұласып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан сала қызметкерлерлері аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың құрмет грамотасымен марапатталды.

Тұңғыш Президент күніне арналған кеш аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply