Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру конкурсы өткізіледі

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру конкурсы өткізіледі

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру конкурсы өткізіледі 768 564 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43-1,48-баптарына сәйкес, Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімдігі жер учаскелерін ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру  конкурсын өткізетінін хабарлайды.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауды конкурсты өткізу туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң бастайды.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2020 жылдың 21 қыркүйектен бастап 15 жұмыс күні ішінде мына мекен-жайда қабылданады: Леңгер қаласы, Төлеби көшесі №142 А «Төлеби аудандық  жер қатынастары бөлімі» ММ. Конкурсқа өтінімді табыстаудың соңғы мерзімі 09.10.2020 жыл. Конкурс 12.10.2020 жылы сағат 10-00 де  Леңгер қаласы, Әйтеке би №28, 2-қабатта өтеді Конкурстың өткізілуі жөніндегі қосымша ақпаратты 8(72547) 6-21-20 телефон арқылы білуге болады.

Жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру конкурстарын ұйымдастырудың және өткізудің шарттары мен талаптары

Конкурсқа қатысуға ақпарат хабарламада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей, өтінім  берген Қазақстан Республикасының азаматтары және мемлекеттік емес заңды тұлғалар жіберіледі.

І. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлғаның конкурстық өтінімінде мынадай мәліметтері болуға тиісті:

қатысушы еркін нысанда ұсынылатын бизнес-жоспары немесе жер учаскесін пайдаланудың өндірістік бағдарламасы;

кәсіпорынның штатында ауыл шаруашылығының тиісті салаларында мамандықтары бойынша біліктілігі мен жұмыс стажы көрсетілген, кем дегенде екі маманы бар болуы туралы, бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, заңды тұлғаның мөрі басылған анықтамасының түпнұсқасы;

ауыл шаруашылық дақылдарды өңдеу үшін қажетті ауыл шаруашылығы машиналарының болуы туралы (бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, заңды тұлғаның мөрі басылған) анықтаманың түпнұсқасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызмет көрсетуді сатып алу және т.б.) шартының көшірмесін ұсыну;

ІІ. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген жеке тұлғаның конкурстық өтінімінде мынадай мәліметтер болуға тиісті:

қатысушы ұсынатын бизнес-жоспар немесе ауылшаруашылық дақылдар өңдеу үшін қажетті ауылшаруашылық машиналарының іс жүзінде болуы көрсетілген ерікті нысандағы жер учаскесін пайдаланудың өндірістік бағдарламасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызмет көрсетуді сатып алу және т.б.) шартының (немесе ниеттер хаттамасының) көшірмесін ұсыну;

білімі туралы дипломның көшірмесі (болған жағдайда) немесе ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек қызметі және жұмыс өтілі туралы мәліметтері бар өмірбаяны;

ІІІ. Кез келген қатысушы, өз бастамасымен, өндіріс көлемін және салық аударымдарды өсіруге, жер учаскесі орналасқан ауыл округінің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік туғызатын өзіне қосымша міндеттерді алу бойынша ұсыныстар енгізуге болады. Ондай ұсыныстардың болмауы  конкурстық өтінімді қабылдамауға негіз болып саналмайды.

Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашқан күннен бастап 30 күннен кем болмауға тиіс.

Қолданылу мерзімі одан кем конкурстық өтінім қабылданбайды.

IV. Конкурс жеңімпазын анықтағанда негізгі критериялар ретінде мыналар танылады:
1) жерді қорғау, оны тиімді және ұтымды пайдалану бойынша ұсыныстар;
2) егіс айналымдарының жүйесін енгізу мен сақтау, топырақтың құнарлығын арттыру бойынша шаралардың және міндеттемелердің жоспары болуы;
3) жерді пайдалануға озық агротехнологияларды енгізу бойынша ұсыныстар;
4) қосымша жұмыс орындарын ашу;
5) бизнес-жоспары (өндірістік бағдарлама) бойынша сараптама тобының жарамды қорытындысы.

Жер учаскелерінің тізбесі

Мақсаты Жер учаскесінің сипаттамасы Алаңы (га) Жалға беру мерзімі Орналасқан жері
1 Шаруа қожалығын жүргізу үшін Жайылым 44,44 10 жыл Көксәйек а/о
2 Шаруа қожалығын жүргізу үшін Жайылым 31,0 10 жыл Қасқасу а/о
3 Шаруа қожалығын жүргізу үшін Жайылым 57,0 10 жыл Көксәйек а/о
Барлығы 132,44

Leave a Reply