«АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСАМЫН ДЕГЕН АЗАМАТТАРҒА БАРЫНША ҚОЛДАУ БІЛДІРУІМІЗ КЕРЕК»

«АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСАМЫН ДЕГЕН АЗАМАТТАРҒА БАРЫНША ҚОЛДАУ БІЛДІРУІМІЗ КЕРЕК»

«АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСАМЫН ДЕГЕН АЗАМАТТАРҒА БАРЫНША ҚОЛДАУ БІЛДІРУІМІЗ КЕРЕК» 1944 1296 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Бүгін төлебиліктерді жеке сұрақтарымен аудан әкімі Бауыржан Омарбеков қабылдады. Аудан басшысының қабылдауына келген азаматтардың сұрақтары әр түрлі бағытта болды.

Қабылдауға келгендердің бірі Алатау ауылдық округінің тұрғыны Ғалымжан Ибрагимов 20 гектар жерге картоп егіп жеке кәсіппен айналыссам деген ниетін білдіріп, аудан әкімдігі тарапынан қажетті техникамен арық қазып су жеткізіп беруін сұранды. Алдағы уақытта ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, егіншілікпен айналысуларына қол ұшын созсам дейді.

Ауылшаруашылығымен айналысамын деушілерге барынша қолдау көрсетуіміз керек деген аудан басшысы, аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаевқа картоп егілетін аумақты көріп, тиісті жұмыстарды атқаруды жүктеді.

Сондай-ақ, тұрғындардың бірқатары әлеуметтік жәрдемақы алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы, енді бірі баспанамен қамту, жеке кәсіпті дамыту, пәтерлердегі жылыту жөнінде сауалдарын қойды.

Жеке қабылдау барысында Бауыржан Бақытұлы азаматтардың мәселелерін шешу бойынша қала, ауылдық округ әкімдері мен сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply