Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды программасы бойынша жемқорлықты түп-тамырымен жою

  • Біз жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күресеміз. Жемқорлық мемлекет пен қоғамның іргесін сөгіп, ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіреді, мемлекеттің дамуына тосқауыл қояды.
  • Мемлекет пен азаматтардың күшін біріктіреміз. Тек қана жазалау шаралары жеткіліксіз. Жемқорлықтың кез-келген түріне мүлдем төзбеушілік таныту маңызды.
  • Қоғамдық бақылауды күшейтеміз. Басқарудың барлық деңгейінде құқықтық-нормативтік актілердің жемқорлыққа қарсы сараптамасына үкіметтік емес ұйымдарды тартамыз.
  • Парламенттің, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді қатысуымен мемлекеттік шешімдерді қабылдау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеміз.