Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары ол Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленді.

Жаңа уақыт бізге жаңа сын-қатерлер тудырады: экономиканың шикізаттық моделі артықшылықтарының төмендеуі, жаһандық экономикадағы протекционизмнің өсуі, цифрлық қоғамның қарқынды дамуы, технологиялық парадигманың ауысуы – бұның бәрі Қазақстаннан әлемде болып жатқан түбегейлі өзгерістерге ден қоюды талап етеді.

2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың негізінде экономиканың өнімділігін, жеке сектордың көшбастаушы рөлі мен ел өңірлерінің даму әлеуетін іске асыру есебінен экспортқа бағдарланған өндірісті ынталандыруға негізделген жаңа экономикалық өсу моделі қамтылған. Экономикалық өсудің жаңа моделі әлемнің дамыған отыз елінің лигасына кіру жолында «орташа кіріс тұзағын» еңсеруге мүмкіндік береді.

2025 жылға дейінгі негізгі мақсат – адамдардың әл-ауқатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңге

йіне көтеруге алып келетін экономиканың сапалы әрі тұрақты көтерілуіне қол жеткізу.

2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар жеті маңызды жүйелі реформаның және дейінгі кезеңде елдің экономикасы мен әлеуметтік өмірінде жүзеге асырылатын болады. Елдің әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы прогресін өлшеу үшін түйінді ұлттық индикаторлар мен халықаралық индекстер айқындалды.

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.Өмірәлі