АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІНЕ ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛУДЕ, БҰЛ — СЕНІМ АРТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШІ

АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІНЕ ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛУДЕ, БҰЛ — СЕНІМ АРТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШІ

АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІНЕ ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛУДЕ, БҰЛ — СЕНІМ АРТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШІ 1944 1296 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимылының маңызды екеніне екпін беріп, азаматтарды ашық диалогқа шақыру мақсатында бүгін аудан әкімі Бірінші Мамыр ауылдық округінде есептік жиын алдында тұрғындармен қабылдау өткізді. Округ тұрғындары Бірінші Мамыр елді мекенінің Нұр көшесіне жол төселсе, Алғабас елді мекені Бірлік көшесінің трансформаторы мен электр бағаналары, Дарын көшесін асфальттау, мектеп қазандығы мен арық бетіне көпір салынса дейді.

— Нұр көшесінің жолын ағымдағы жылы жол жөндеу жұмыстары басталғанда істелінеді. Бірлік көшесінің трансформаторы биыл ағымдағы жөндеуден өтіп, электр бағаналары жаңартылады. Ал, басқа мәселелер назарға алынды, алдағы уақытта шешу жолдарын қарастыратын боламыз, — деп аудан әкімі жауабын берді.

Содан соң аудан әкімі Ленгір қаласының тұрғындарымен кездесті. Ленгірлік тұрғындар Алатау мөлтек ауданындағы және Новостроевка елді мекеніндегі жол мәселесін, Ленгір қаласындағы қоғамдық көліктердің жүруі, Шахта Тоғыс елді мекеніндегі телефон желісінің бағаналары, Север мөлтек ауданындағы жаңа массивті көшелерге электр желісін тарту бойынша сауалдарын қойды.

— Алатау мөлтек ауданына биыл тас төсеу жұмыстары жүргізіледі. Новостроевка елді мекеніндегі көшелерге жол төселеді. Ал, қоғамдық көліктердің, оның ішінде автобустың уақытында жүруін «Төлеби автобус паркі» мекемесінің басшысы автобус жүргізушілерінің болмағандығынан автобустар уақытынан кешігетінін айтты. Алдағы уақытта аялдамаларға қоғамдық көліктің жүру уақыты ілініп, кесте бойынша қызмет көрсетіледі. Шахта Тоғыстағы және Север мөлтек ауданындағы мәселелер көктем мезгілінде шешімін табатын болады, — деп тұрғындарға нақты жауап берді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply