Бақылау-касса машиналарын қолдануға қатысты

Төлеби ауданы  бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Салық кодексінің 166-бабында қызметін патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып және арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша бірыңғай жер салығын төлеу негізінде осы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын салық төлеушілердің 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап БКМ қолдануға өтуді қарастыратын норма күшіне енгенін хабарлайды.
Және де, онлайн-БКМ қолдану талаптары жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілері жоқ аймақтарда өз қызметін жүзеге асыратын бизнес субъектілеріне таратылмайтынына назар аударамыз.

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының бас маманы А.Тажиев