«БАЛБӨБЕК» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«БАЛБӨБЕК» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«БАЛБӨБЕК» БАЙҚАУЫ ӨТТІ 1944 1296 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен «Балбөбек» атты ән-би байқауы өтті.
Еліміздің болашағы балдырған балапандарымызға өнеріміз бен ән-биімізді, ұлттық дәстүрімізді кеңінен насихаттау, құрметтеуге баулу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара ауданымызда биыл 6-шы рет өтіп жатыр.
Байқауға барлығы 19 мектепке дейінгі ұйымдардан вокал жанрынан 8 әнші және би жанрынан 11 би топтары сайысқа түсті.
Нәтижесінде би жанры бойынша бас жүлдені «Боташым» балабақшасы, I орынды «Дулат би» балабақшасы, II орынды «Айсұлтан» балабақшасы мен «Ақбота ару» балабақшасы, III орынды «Балбөбек», «Аяулым», «Дулат би» балабақшалары өзара бөлісті.
Ән жанры бойынша бас жүлдеге Мәлік Ержан, I орынға Тұрғынбек Балауса, II орынға Тастан Даяна, Сапарбай Айзере, III орынға Қалдыбай Аруна мен Өмірбекқызы Береке ие болды. 
Барлық қатысушы балғындарға алғыс хаттар мен арнайы дипломдар және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply