951Общее количество посещений .

Бөлісу

Омарбеков Бауыржан Бақытұлы

1983 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы  бойынша экономист. Еңбек жолын 2005 жылы «Қазкоммерцбанк» АҚ Шымкент филиалы бөлшек бизнесін дамыту секторының клиенттермен жұмыс жүргізу менеджері болып бастаған. 2006-2015 жылдары аралығында «Қазкоммерцбанк» АҚ Шымкент филиалы № 814 операциялық бөлімінің тұтыну несиелерін сату бөлімінің менеджері, «Банк Туран Алем» АҚ ОҚФ несие желісі секторының меңгерушісі, «Альянс Банк» АҚ директорының бөлшек бизнесі бойынша орынбасары, «Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы» ЖШС-нің директоры қызметтерін атқарған.

Ал 2015-2016 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік,  индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған. 2016 жылдың шілде айынан бастап Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етіп келген.

2018 жылдың шілдесінен – Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі.

Дүйсебаев Сержан Дауылбайұлы

1965 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша – инженер-механик.

Еңбек жолын 1989 жылы Талдықорған облысы Үштөбе қаласында астық өнімдері комбинатында аға шебер болып бастаған. 1992-2010 жылдары Шымкент май шығару заводында шебер; «Бірлік» өндірістік кооперативінің диірмен меңгерушісі және кооперативтің төрағасы болып жұмыс жасаған. 2010-2012 жылдары Төлеби аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

2012 жылдың наурыз айынан – Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімінің орынбасары.

Мылтықбаев Қанат Хайргалиевич

1984 жылы туылған, білімі — жоғары, мамандығы бойынша заңгер.

Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласы соттар әкімшісінің сот орындаушысы болып бастаған. 2009-2011 жылдары Алматы қаласы соттар әкімшісінің №2 Бостандық аумақтық бөлімнің сот орындаушысы, Қарағанды облысы соттар әкімшісінің Қазыбек би ауданының сот орындаушысы, Астана қаласы соттар әкімшісінің сот орындаушысы, Астана қаласы соттар әкімшісінің Есіл аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы, Астана қаласы сот актілерін орындау департаментінің Есіл аумақтық бөлімінің бастығы-аға сот орындаушысы болған.

2012-2014 жылдары СҚО Сот актілерін орындау департаменті, Петропавл қаласы №2 аумақтық филиалының сот орындаушысының міндетін атқарушы, СҚО Сот актілерін орындау департаменті, Петропавл қаласы №2 аумақтық филиалының сот орындаушысы,
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімнің бас маманы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени саласы бөлімінің бас маманы, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімі аппаратының нұсқаушысы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Тайынша ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып қызмет еткен.

2015-2019 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары, Түркістан қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы, Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

2019 жылдың қазан айынан бастап — Түркістан облысы, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары

Серікбаев Лесбек Әуезханұлы

1981 жылы туылған, білімі — жоғары, мамандығы бойынша «салық жөніндегі қаржыгер», «экономист», «құрылысшы».

Еңбек жолын 2000 жылы ОҚО СЖБ (сәулеттік жобалау бас басқармасы) Төлеби аудандық шаруашылық есеп бөлімінде техник-сәулетші болып бастаған. 2001-2012 жылдары «Проект АС» ЖШС техник-сәулетші, Төлеби аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші маманы, Төлеби аудандық сәулет және аумақта құрылыс салу бөлімінің жетекші маманы, Төлеби аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы, Төлеби аудандық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары, Төлеби аудандық құрылыс бөлімінің басшысы болған.

2012-2016 жылдары ОҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, ОҚО Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқарма басшысының орынбасары, ОҚО Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқарма басшысының міндетін атқарушы болып еңбек еткен.

2016-2019 жылдары «Ленгер су» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары, «Ленгер су» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, Зертас ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарған.

2019 жылдың қазан айынан бастап — Түркістан облысы, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары.

Қадырбеков Есімхан Жанысұлы

1963 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша – провизор, экономист-қаржыгер.

Еңбек жолын 1983 жылы Бірінші Мамыр совхозының Әлішер Навои бөлімшесінде жұмысшы болып бастаған. 1990-2001 жылдары Төлеби ауданының дәріханаларында провизор-интерн, провизордың орынбасары, «Кадырбеков и К» ПТ директоры болып жұмыс жасаған. 2001-2016 жылдары Ленгір қаласы әкімінің орынбасары, Төлеби ауданы әкімінің көмекшісі, Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі, Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.

2016 жылдың қараша айынан – Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімі аппаратының басшысы.

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw