Төлеби ауданы әкімі Б.Омарбековтың 2018 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының  жылдық  есебі 

 

Жалпы өңірлік өнім 2018 жылы 98 млрд 858 млн теңге, 2017 жылмен салыстырғанда 111,7 пайызды құрады. Жан басына шаққанда  841,4 мың теңге (2017 жылмен салыстырғанда 112,2 пайызды құрады).

Өнеркәсіп саласы.  32 млрд  166,2 млн теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 106,3 пайызды құрады. ( жылдық жоспар  105,8 пайыз).

Оның ішінде қайта өңдеу саласында 28 млрд 360 млн 473 мың теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 105,5 пайызды құрады. (жылдық жоспар 105,8 %)  (Қайта өңдеу саласының өнеркәсіптегі үлесі 92,8 пайыз).

 

 «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 324 млн теңгеге 6 жобаға инфрақұрылым тартылып, несиелері субсидиаланып, гранттар берілді. 230 адам жұмыспен қамтылды.

Өнімдерді экспорттау.

Кәсіпорындарымыз Елбасы жолдауында айтылғандай, экспортқа бағытталған индустрияландыру мәселесін қолдап, жақын алыс шет елдерге 14,3 млрд. теңгеге битум, мақсары майы, ұн және ет өнімдерін экпорттады.

«Газпромнефть-Битум Казахстан» ЖШС 18,1 млрд теңгеге 230 мың тонна битум шығарып, оның 148 мың тоннасын (10,5 млрд теңге) Өзбекстан және Тәжікстан елдеріне экспорттады.

 «Астық сауда» және «Аққұм астық» ЖШС-тері 3,4 млрд. теңгеге  36,3 мың тонна ұн өнімдерін Өзбекстан және Ауғанстан елдеріне экспорттаса, «Бағдаулет-1» ЖШС бастапқы 10 тонна (3 млн теңге) мақсары майын Қытай еліне экспорттады.

Шаруа қожалықтары 233,7 млн теңгеге 158,4 тонна ІҚМ етін және 173,6 млн теңгеге 124 тонна қой етін Өзбекстан еліне экспорттады.

Инвестиция саласы. 2018 жылы  ауданға 11 млрд 999 млн теңгеге инвестиция тартылды.

 

Несиелендіру. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының төртіншісінде көрсетілгендей, жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін жеңілдетілген несие беру тиімділігін арттыру нәтижесінде қаржыландыру көздерінен 12 238 азаматтарға 6 млрд 727 млн теңгеге несие берілді (2017 ж.–12 004 жеке азаматтарға 5 млрд 697 млн теңге несие берілген). 2017 жылмен салыстырғанда 18 пайызға артты.

Агроөнеркәсіп кешенің әлеуетін толық іске асыру, шаруаларымыздың мемлекеттік қолдауларды алуы нәтижесінде ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 2018 жылы 34 млрд 145 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі 103,2 пайыз.

Оның ішінде мал шаруашылығы 22 млрд 648 млн теңге, егін шаруашылығы 11 млрд 497 млн теңгеге жетті.

 

Тұрғын үйлерді іске қосу.

Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру мақсатында 19 753 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер іске қосылды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2018 жылы 4 млрд 831 млн теңгені құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,5 пайызға орындалды.

 

Жұмыспен қамту саласы. Аудан бойынша экономикалық белсенді халық саны 51,3 мың адам (2017 жылы 46,0 мың адам). Жұмыспен қамтылғандар 48,6 мың адам, немесе 95 пайызды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайыз.

Дипломмен ауылға бағдарламасы шеңберінде 2010-2018 жылдары ауылға жұмыс істеуге келген 78 маманға 9,4 млн. теңге көтерме жәрдем ақы берілсе, 18 маманға 44,3 млн. теңге үйге жеңілдетілген несие берілді.

 

2019 жылы атқарылатын жұмыстар   

Өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласы

Қазақстан Республкасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемін 32 млрд теңгеге, ал нақты көлем индексін 106,3 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы жаңадан 38 жобаны іске қосып, жеке инвестиция 7 млрд 525 млн теңгеге жететін болады.

Кәсіпкерлік саласында 40,5 млрд теңгенің (2018 жылы-39,7 млрд теңге) өнімін өндіру, жұмыс істейтіндер санын 16 475 адамға жеткізу немесе 2 пайызға өсуі көзделуде.

Аталған көрсеткіштерге қол жеткізуге құны 2 млрд. 720 млн. теңге құрайтын 4 ірі инвестициялық жобалар септігін тигізеді. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында толыққанды қолдау көрсетілуде. Олар:

  • Қасқасу ауыл окургінен «Ақсу-Қуат» компаниясы сағатына 3,5 МВТ электр қуатын өндіретін ГЭС жобасына 1,5 млрд теңге инвестиция тартып, іске қосылады.
  • Киелітас ауылдық округінен құны 120,0 млн теңгелік жылына 1000 тонна бройлер етін өндіретін «Шымкент құс» құс фермасы пайдалануға беріледі.
  • Ленгер қаласынан «Сагун» компаниясы құны 300 млн теңгеге жеміс-жидек, көкөніс ұнтағын шығаратын цехын іске қосуды жоспарлауда. Цех тәулігіне 18 тонна дайын өнім шығарады.
  • Бірінші Мамыр ауыл округінде «Балмұздақ» компаниясы 800,0 млн. тенгеге шоколадты глазурь және шоколад өндіретін цехын іске қосуды жоспарлауда.

Нәтижесінде 71 жаңа жұмыс орындары ашылады.

 

Туризм саласы

Туризм саласы ауданымыздың дамуының негізгі бағытының бірі. Бұл саланың дамуына аса көңіл бөлінуде.

Биылғы жылы іске асатын негізгі жобаларға тоқталсам:

  • Қасқасу ауыл округінен құны 500 млн теңгеге «SAIRAM SU resort» 100 орындық демалыс орны ашылады;
  • Қоғалы ауыл округінде инвестициялық құны 100 млн теңгеге саумал-сауықтыру кешенін ашылу жоспарланған. Кешеннің сиымдылығы 50 орынды құрайды;
  • Алатау ауыл округінде құны 150 млн теңгеге «Таңсұлу» демалыс аймағының құрылысы;
  • Кемеқалған ауыл округінде құны 150 млн теңгеге «Алма-Тау» демалыс аймағынан қосымша құрылыс нысандарын салу.

Туризм саласына 1 млрд 300 млн теңге инвестиция тартылып,  56 жұмыс орны ашылады.

 

Ауылшаруашылық саласы

Агроөнеркәсіп кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаны орындауда аудан әкімдігімен шаруалар бірлесіп жұмыстар атқарудамыз. Биылғы жылы ауылшаруашылығы өнім көлемін 38 млрд 662 млн теңгеге, (оның ішінде мал шаруашылығы өнім көлемін 26 млрд 323 млн теңгеге) ал нақты көлем индексін 104,0 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Межеге жету үшін іске асатын жобалар белгіленіп, оларға мемлекет тарапынан тиісті қолдаулар  көрсетілуде. Осы жобаларға тоқталсам:

  • Кемеқалған ауылдық округінен “Қазығұрт бақтары” 120 га жерге қарқынды алма 80 га шие бағын отырғызу үшін жерді өңдеу және тіреуіш бағаналары орнату жұмыстары жүргізілуде. Тартылатын инвестиция 1 млрд 200 млн. теңге. Сонымен қатар, осы жылы әкімшілік ғимаратын, қойма және алма өнімін қайта өңдеу кәсіпорнының құрылысын бастайды;
  • Кемеқалған ауыл округі Бөржар учаскесінен жеке кәсіпкер Манап Қайраттың 2018 жылы салынған 2 гектарына қосымша 1,2 гектар жылыжай салуды жоспарлап отыр. Тартылатын инвестиция 600 млн теңге;
  • Сарқырама елді мекенінен «Атамекен Корпорациясы» құны 200 млн теңгеге күніне 10 тонна құрамажем, гидропоникалық мал азығын дайындау цехын және 200 бас асыл тұқымды ірі қара мал алып, тауарлы сүт фермасын ашу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда;

Нәтижесінде ауылшаруашылығына 2 млрд теңге инвестиция тарту және 95 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.

Суғармалы жердің көлемін ұлғайту, айналымнан шыққан жерлерді қайта айналымға қосу тапсырмаңызға сәйкес, Кемеқалған ауыл округінде сыйымдылығы 600 мың/м3 «Ақбастау» және 450 мың/м3 «Қарақуыс» су қоймаларының жоба-сметалық құжаттамаларына аудандық бюджеттен 2,9 млн теңге қаржы қарастырылды.

Тоғандар іске қосылған жағдайда суармалы жер көлемі 350 га арттып, Абай елді мекенінің үй іргелік жерлері ағын сумен қамтылады.

 

Ауыз су саласы

Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету Елбасымыздың назарынан тыс қалған емес. Сарқырама, Алатау, Шатыртөбе және Қайнар елді мекендерінің тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 505,2 млн. теңге қаралып,  жұмыстары жүргізілуде.

  • Жоғарғы Ақсу ауыл округі Сарқырама елді мекенінің ауыз су құрылысы 136,6 млн. теңгеге;
  • Алатау ауыл округі Алатау елді мекенінің ауыз су құрылысы 258,6 млн теңгеге;
  • Алатау ауыл округі Шатыртөбе және Қайнар елді мекендерінің су құбырларын 110,0 млн теңгеге қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі;
  • 7 елді мекендерін (Зертас, Мәдени, Бейнеткеш, Жаңажол, Нысанбек, Керегетас, Жаңакүш) ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жоба-сметалық құжаттармаларына 36,0 млн. теңге қаржы қарастырылды;
  • Ақайдар елді мекеніне 307,2 млн теңгелік құрылыс жобасы дайындалып, қаржыландыруға салалық басқармаға ұсынылды.

Табиғи газ саласы

Елбасының елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру бесінші бастамасына сәйкес аудаңымызда:

  • Балдыберек және Төнкеріс елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысына облыстық бюджеттен 175,0 млн теңге қаралды;
  • Құны 1 млрд 398 млн теңге болатын (Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу, Керегетас, Кеңесарық, Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы) 7 елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету жобарлын қаржыландыру мақсатында ұсыныстар салалық басқармаға жолданды;

 

Электр қуатымен қамту саласы

«Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясының 2019 жылға арналған инвестициялық жобасы бойынша ауданда 30 шақырым электр желілері жанартылады (Леңгер қаласында 13,3 шақырым, Зағамбар, Алғабас, Сұлтан-Рабат, Зертас, Тасарық, Көксәйек елді мекендерінде 16,41 шақырым).

Электрлендіру мәселесін шешу мақсатында 19 елді мекендердің құны 1132,6 млн. теңгенің жоба-сметалық қажаттамалары әзірленіп, қаржыландыру бойынша салалық басқармаға ұсынылды.

  • Қасқасу ауылдық округі Жоғарғы Қасқасу, Керегетас, Қасқасу, Кеңесарық елді мекендері (Құны – 241,2 млн.теңге);
  • Көксәйек ауылдық округі Жіңішке, Көксәйек елді мекендері (Құны – 211,9 млн теңге);
  • Қоғалы ауылдық округі Ұзынарық, Алшалы, Диханкөл елді мекендері (Құны – 115,6 млн теңге);
  • Тасарық ауылдық округі Тасарық, Ханарық, Оңтүстік елді мекендері (Құны – 279,9 млн теңге);
  • Алатау ауылдық округі Екпінді, Алатау, Қайнар, Қорған, Қосағаш, Нысанбек, Шұбарағаш елді мекендері (Құны – 284,0 млн теңге).

Сонымен қатар, 12 елді мекенді қамтитын 6 жоба-сметалық құжаттамаларға 22,2 млн теңге қаралып, аяқталады.

  • Ленгер қаласы 1 мөлтек ауданындағы жаңа массиві (1,6 млн теңге);
  • Кемеқалған ауылдық округі Әңгірата, Абай, Ұйымшыл елді мекендері (4,5 млн теңге);
  • Киелітас ауылдық округі Достық елді мекені (1,6 млн теңге);
  • Қаратөбе ауылдық округі Қаратөбе, Майбұлақ, Балдыберек елді мекендері (5,6 млн теңге);
  • Аққұм ауылдық округі Момынай, Аққұм, Жаңаұйым елді мекендері (6,1 млн теңге);
  • Бірінші Мамыр ауылдық округі Алғабас, Бейнеткеш елді мекендері (2,8 млн теңге).

Жолдар саласы

2019 жылға 56,2 шақырым  облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына облыстық бюджеттен 1 млрд. 382 млн. теңге және 44,9 шақырым құрайтын 27 көшеге аудандық бюджеттен 577,0 млн. теңге қаржы қарастырылып, жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Көпірлер

Елді мекендердің арасындағы көлік қатынастарын реттеу мақсатында 189 млн. теңгеге 4 көпірдің күрделі жөндеу және 9,5 млн теңгеге 4 жобаның жоба-сметалық құжаттамалары әзірлеу жұмыстары жүргізіледі.

  • Екпінді елді мекеніндегі Екпінді-Ақмешіт көпіріне 48,3 млн. теңге;
  • Ханарық елді мекеніндегі Балдыберек өзені арқылы өтетін көпіріне 47,5 млн. теңге;
  • Қаратөбе елді мекеніндегі Балдыберек өзені арқылы өтетін көпірге 50,6 млн. теңге;
  • Шахта Тоғыс елді мекеніндегі Тоғыс өзені арқылы өтетін көпірге 42,6 млн. теңге қаржы қарастырылды.
  • Киелітас ауылдық округі Ақайдар елді мекеніндегі;
  • Султан Рабат елді мекені Жыланбұзған көшесіндегі;
  • Султан Рабат елді мекені Қарауылтөбе көшесіндегі;
  • Қоғалы ауылдық округі Алшалы елді мекеніндегі көпір.

 

Абаттандыру жұмыстары

Ауданың келбетін көріктендіруге, қас беттерді реттеуге көңіл бөлініп, қаржылар бөлінуде. Биылғы жылы атқаратын негізгі жұмыстарға тоқталсам. Ленгер қаласы бойынша:

  • Кіреберістегі арканы қайта жаңғырту, орталық көшелерге 8 аялдама және LED экран орнату(31,6 млн теңге);
  • Орталық алаңды қайта жаңғырту (52,7 млн теңге);
  • Қаланың кіреберісіне 5 гектарға жаңа саябақ салуға, Әйтеке би көшесіне сквер салуға, Ленгер өзенінің бойын абаттандыруға жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу (18,0 млн теңге);
  • Алатау ауылдық округіне кіре берісіне туристерге қарау алаңшасын орнату (2,3 млн теңге) жұмыстары жүргізіледі;

 

Құрылыс саласы

Бірінші бастамада айтылған «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» және «7-20-25» бағдарламаларын іске асыру бойынша айтып өтсем.

  • Тұрғын үй саласында 1 млрд 940 млн теңгеге Ленгер қаласында 220 пәтерлі 10 көп қабатты тұрғын үйлердің жобасы 2019 жылға мемлекеттік — жекешелік әріптестік арқылы іске асыруға ұсынылып, конкурс жарияланды;
  • Өзіңіздің елді мекендерге жұмыс істеуге келген қызметкерлерді қызметтік пәтермен қамтамасыз ету тапсырмаңызға сәйкес, Ленгер қаласында 2 қабатты 10 пәтерлі тұрғын үй соғылып, оны сатып алуға 96,0 млн.теңге қаржы қарастырылды;
  • «7-20-25» бағдарламасын ел арасында насихаттау жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңға 2 азаматтардың құжаттары екінші деңгейлі банктердің қарауына ұсынылды;
  • Сонымен қатар, халықты тұрғын үй салу үшін жер телімдерімен қамту мақсатында 216,7 гектар немесе 1020 жер телімі болатын, 5 (Көксәйек, Зертас, Бірінші Мамыр, Қаратөбе, Қайнар) елді мекендеріне инженерлік-коммуникация жүйелерін жүргізуге жоба-сметалық құжаттамаларды аяқтауға 91,1 млн теңге қаралды;

Білім  саласы

Жолдауда айтылғандай ең төменгі жалақыны 1,5 есе немесе 42 мың теңгеге өсіру және екінші бастамада «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбек ақысын көбейту үшін олардың салықтық жүктемесін азайту»  тапсырмасына сәйкес Республикалық бюджеттен 451,0 млн, теңге бөлініп, 1306 қызметкерлердің айлығы көтерілді.

Жалпы құны 3 млрд 81 млн теңгеге 6 жобаның құрылысы басталады. Облыстық бюджеттен қаржыландырылған жобалар:

  • Ленгер қаласының №1 гимназияның (200,0 млн теңге (944,6 млн.тг.);
  • №5 гимназияның қосымша құрылыстары (200,0 млн теңге (475,2 млн.тг.);
  • Кемеқалған ауыл округі Ақбастау орта мектебінің қосымша құрылысы (200,0 млн теңге (873,9 млн.тг.);
  • Киелітас ауыл округі Әуезов орта мектебін қосымша құрылысын жалғастыру (79,2 млн теңге (324,9 млн.тг);

Аудандық бюджеттен:

  • Көксәйек елді мекеніндегі 100 орындық бастауыш мектебінің құрылысы (50,0 млн теңге (294,1млн.тг.);
  • Аққұм елді мекені Тыныбеков орта мектепке спорт зал құрылысына (50,0 млн теңге (169,1 млн.тг) қаржы қарастырылды.

Жолдауда көрсетілген білім алудын қолжетімділігін арттыру мақсатымен оқушыларға орын жетіспейтіні, мектептерде үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемаларын болдырмау мақсатында, үш аусымға айналу қауіпі бар, жалпы құны  1 млрд 392 млн теңгеге Қайнар елді мекеніндегі (556,8 млн тг) және Ленгер қаласындағы №6  (835,5 млн тг) 200 орындық орта мектептерінің жобалары дайындалды. Қаржыландыруға ұсынылды.

  • 3 мектеп құрылыстарының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 23,9 млн. теңге бөлінді
  • Ханарық орта мектебінің (200 орындық оқу блогы, асхана, кітапхана, шеберхана, спорт зал құрылысына);
  • Шомшақты орта мектебінің (150 орындық оқу блогы, асхана, кітапхана, шеберхана) қосымша құрылысы;
  • Кемеқалған ауыл округі Қаратөбе елді мекеніндегі 150 оқушы орындық негізгі мектебі.

 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жоғарғы білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» Үшінші бастамасына сәйкес ауданымыздағы колледж студентерінің жатақханамен қамтылуы назардан тыс қалмауда. 2 мемлекеттік және 1 жекеменшік медициналық колледжде1734 студент білім алуда. Облыстық Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінде қосымша мамандықтардың ашылуына байланысты 160 орындық жатақхана құрылысының жобалы- сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Мектепке дейінгі тәрбие

2019 жылы Жаңажол, Бірніші Мамыр, Ханарық елді мекендерінен                  3 жаңа балабақшалар ашылады.

Мектептердің материалдық техникалық базасын нығайтуға 63,9 млн. теңге бөлінді, яғни:

  • 3 робототехника кабинеттерін жабдықтауға (6,1 млн теңге);
  • 244 дана тақта (7,8 млн теңге);
  • 1307 парта (19,6 млн теңге);
  • 200 дана компьютер сатып алуға (30,4 млн теңге) қаржы қаралды.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында IT- сыныптар ашу (Бірінші Мамыр, Жеңіс о/м), bilimland.kz – оқушыларға арналған оқыту платформасын енгізу, bilimbook- оқу құрылғысымен қамтамасыз ету, мемлекеттік мекеме ғимараттары мен әлеуметтік нысандарға жаңа почталық индекстері мен «QR-code» көше аншлагтарын» орнату және  ақылды бағдаршамдар орнатуға қаржылар қарастырылды.

Мектептерді толық бейне бақылау камераларымен қамтамасыз етуге және орталықтандырылған бақылауды орнатуға 7,5 млн теңге, көше қауіпсіздігін бақылайтын камераларды полиция бөлімдеріне қосуға және күтіп устауға 3,0 млн. теңге қаралды.

Білім беру жүйесінде есеп қабылдаудың автоматтандырылған жүйесі ендірілді. Бұл жаңа жүйенің тиімділігі есеп қабылдауда жылдам және нақты есеп береді, ұстаздар орталыққа келмей, мектеп қабырғасынан шықпай интернет  арқылы жолдайды.

Туризм саласын дамыту мақсатында арнайы сайт және мобильды қосымша әзірлеуге 2,5 млн. теңге қаралды.

Жастар саясаты

14-29 жас арасындағы жастар саны 30 234 ге жуық.

Биылғы жыл «Жастар жылы» деп аталуына байланысты, жастар арасында бір реттік,  айлық, тоқсандық, ұзақ мерзімді 350-ге тарта іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

Жастар жылы аясында ауданымыз облыстық «КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ» байқауын өткізуді жоспарлап отырмыз. 

Денсаулық сақтау саласы

Денсаулық сақтау саласында келер жылдары 8 фельдшерлік-акушерлік пункт (Алғабас, Кеңесарық, Екпінді, Жамбыл, Жаңажол, Диханкөл, Тағайна, Шомшақты елді мекендерінен) және 5 модульдік медициналық пункттерінің (Шұбарағаш, Жаңакүш, Жетіата, Шатыртөбе, Қосағаш елді мекендерінен) құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, аталған медициналық нысандардың жаңа құрылысын салуға жер учаскелері бөлініп, тиісті құжаттары дайындалуда.

Спорт саласы

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту бойынша Ленгер қаласыдағы құны 434 млн теңгелік спорт кешенінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ , Елбасының 100 спорт кешендерін салу тапсырмасына сәйкес, Көксәйек елді мекенінен спорт кешенінің құрылысын салу бойынша жоба-сметалық құжаттамалары әзірленетін болады.

Қасқасу елді мекенінде 100 орындық құны 150 млн теңгелік жесеменшік спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталады.

Елді мекендерде 10 дана «Стрит воркаут» қондырғыларын орнату жұмыстары жүргізіледі.

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw