0Общее количество посещений .

Бөлісу

ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ 2017 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ

Төлеби аудандық экономика және қаржы бөлімінің 2018 жылғы атқарған жұмыстарымен 2019 жылы атқаратын жұмыстары туралы М.Ашраповтың есебі

Экономика және қаржы бөлімінде 12 мемлекеттік қызметкер және 3 қызметкер келісім-шарт негізінде жұмыс жасайды.

Кіріс шығыс хаттар

2018 жылы бөлімге 804 кіріс хат түсті оның ішінде облыс тарапынан 473 түсіп 353 хатына арнайы жауап берілсе, 120 хаты басшылыққа алынған. Ал, аудандық мекемелерден 331 хат түсіп 189 хатына жауап берілсе, 142 хаты жұмыс барысында басшылыққа алынды.

Бөлімнен 375 шығыс хаттар жолданды, оның ішінде облыстық мекемелерге 210 хат және аудандық мекемелерге 165 хат жолданды.

Тапсырмалар

Төлеби  аудандық  экономика және  қаржы  бөліміне  2018  жылы  жалпы 36  тапсырма берілген, оның 5 тұрақты, 31  орындалған тапсырмалар. Тұрақты тапсырмаларды атап айтсақ:

  1. Даму концепциясын бірыңғай үлгіде жасап, әр жыл сайын іске асатын жобалар мен салынатын нысандар туралы толық мәліметті қамтып, түзетулер енгізілсін. Тиісті облыстық басқармалармен келісу жұмыстары жүргізілсін.

Орындалуы: Төлеби ауданының 2018-2025 жылдарға арналған Даму концепциясы 14.03.2018 жылы облыс әкімі Ж.Түймебаевтың алдында талқыланып, талқылау нәтижесінде концепцияға тиісті түзетулер мен толықтырулар енгізу тапсырылған болатын.

Қазіргі таңда Даму концепциясына түзетулер енгізіліп, аудан әкімдігіне қарасты 11 дербес бөлім жеке-жеке өз басқармаларымен келісу жұмыстарын жүргізіп, 2018-2025 жылдарға арналған концепцияларын бекіткен.

Алайда, ғылыми қорытындысы алынбаған.

  1. Тәжірибе ретінде ауданнан шыққан жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы олардың басқа аймақтарда орналасқан кәсіпкерлік нысандарын (кәсіпорын, цех т.б) аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына тіркетіп, ауданға қосымша кіріс көзін тарту бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.

Орындалуы: Аудан әкімінің 05.10.2018 жылы бекіткен «Төлеби ауданынан тыс жерде тіркеліп аудан аумағында жұмыс атқарып  жатқан  ірі  кәсіпкерлерді, оның  ішінде  демалыс  орындарын  ауданға  тіркету   іс-шара жоспары» бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Іс–шара  жоспарына сәйкес  барлық қала және  ауылдық  округтерде  жалпы 24 нысан анықталған. Нысандарды тіркеу бойынша 28.10.2018 жылы №356 хат аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды. Нәтижесінде 2 ірі кәсіпкер ауданға  тіркелді. Атап айтқанда, «Төлеби Нефть газ» ЖШС  аудан бюджетіне 4 млн теңге салық төледі және ИП «Абубакиров» аудан бюджетіне жалпы 1 млн теңге  салық  төледі. 2018 жылдың 04 желтоқсанында өткен аппараттық мәжілісте  берілген тапсырмаға сәйкес қала және  ауылдық  округтерден, жинақталған  тізім бойынша  ауданнан  шыққан  жеке кәсіпкерлердің басқа аймақтарда  орналасқан  кәсіпкерлік нысандарын аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына тіркетіп, ауданға қосымша кіріс көзін тарту мақсатында кездесу графигін бекітуге  3 күн уақыт  берілген болатын. Алайда, кездесу уақыты жұмысшы топқа осы күнге дейін тапсырмауына байланысты аудан әкіміне 2018 жылдың 12 желтоқсанында   қызметтік хат жолданды.

  1. Салықтың барлық түрі бойынша әр айға бөлініп берілген жоспарлардың толық орындалуын қамтамасыз етсін.

Орындалуы: Аудан бюджетінің кіріс бөлігінің 12 айдағы жоспары 1 352 млн теңге  болса, нақты бюджетке 1 384,8 млн теңге түсіп,  жоспар 102,4 пайызға немесе 32,8 млн теңгеге артық орындалған.

Қала, ауылдық округтері бойынша  толық  орындалып,  29 863,3  мың теңге артық түскен.

  1. Ағымдағы жылдың соңына дейін 2018 жылғы бюджетте қаралған қаржыларды толық игеріп, түпкілікті нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз етсін.

Орындалуы: 2018 жылдың 12 айында шығыстардың жоспары  17 млрд 930,3 млн  теңге болса, кассалық игерілуі 17 млрд 938,6 млн теңге, игерілмеген қаржы көлемі-11,7 млн тг болып, жоспар 99,9 пайызға орындалған.

  1. Мемлекеттік сатып алу конкурстарын сапалы және уақытылы жүзеге асыру мәселесін қатаң бақылауға алу және қажетті жұмыстардың дер кезінде ұйымдастырылуы қамтамасыз етілсін. Жұмыстардың орындалу барысы тұрақты баяндалсын.

Орындалуы: 2018 жылдың 12 айында аудан көлемінде жалпы сомасы 39 781,4  мың теңгеге 5 лот бойынша 7 конкурс  тоқтатылған. Атап айтқанда:

1) Құрылыс бөлімінде 1 лот бойынша сомасы 1 593,3 мың теңгеге  камералдық  бақылаумен тоқтатылып, қайта жарияланып, қаржысы толық игерілді.

2) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде 1 лот бойынша сомасы 1 868,8  мың теңгеге сомасының дұрыс  енгізілмеуіне байланысты тоқтатылып, қайта жарияланып, қаржысы толық игерілді.

3) Білім бөлімінде жалпы 3 лот бойынша сомасы 23 059,9 мың теңгеге  конкурстар тоқтатылған. Қазіргі таңда аталған бөлімдерде кемшіліктер жойылып, конкурстар қайта жарияланып, қаржылары толық игерілді.

Аудан бюджетінің іске асуы

Бекітілген Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №21/109-VI шешiмiмен  Төлеби ауданының 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджетінің кірісі 15 034 880 мың тенгеге, шығындар 15 031 841 мың теңге болып бекітілді. 2018 жылғы аудандық бюджеттен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеніне берілетін субвенциялар мөлшерінің бөлінуі 1 183 832 мың теңге сомасында бекітілді. Аудан бюджетінің өз табысы 1269 218 тенге көлемінде бекітілді.

Нақтыланған 1 Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №21/109-VI «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2018 жылдың 26 қаңтардағы № 23/126-VI шешіміне сәйкес республикалық бюджет есебінен бөлінген қаржы ауданының 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджетінің кірісі 15 958 324 мың тенгеге, шығындар  15 957 839 мың теңге болып бекітілді. Ағымдағы республика трансфертері 341 304 мың теңгеге ұлғайтылды  даму бағдарламасы 582 140 мың теңгеге ұлғайтылды.

Нақтыланған 2 Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №21/109-VI «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2018 жылдың 28 наурыздағы № 24/130-VI шешіміне сәйкес  ауданының 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджетінің кірісі 15 892 400 мың тенгеге, шығындар  16 030 088 мың теңге болып бекітілді. Ағымдағы облыстық трансфертері 11 316 мың теңгеге қысқартылды даму бағдарламасы 54 608 мың теңгеге қысқартылды.

Нақтыланған 3 Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №21/109-VI «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2018 жылдың 14 маусымдағы № 26/144-VI шешіміне сәйкес  ауданының 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджетінің кірісі 16 495 467 мың тенгеге, шығындар  16 633 155 мың теңге болып бекітілді Ағымдағы республикалық трансфертері 505 399 мың теңгеге қарастырылды, ағымдағы облыстық трансфертері 17 445 мың теңгеге қарастырылды, аудандық өзіндік кіріс жоспары 1382,0 мың теңгеге ұлғайтылды.

Нақтыланған 4  Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №21/109-VI «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2018 жылдың 9 шілдедегі № 28/157-VI    шешіміне сәйкес  ауданының 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджетінің кірісі 16 426 986 мың тенгеге, шығындар  16 564 674 мың теңге болып бекітілді Ағымдағы республикалық трансфертері 85 мың теңгеге қысқартылды, ағымдағы облыстық трансфертері 7263,0 мың теңге ұлғайтылды, аудандық өзіндік кірістер жоспары 75659,0 мың теңгеге кемітілді.

Нақтыланған 5  Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №21/109-VI «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2018 жылдың 19 қырқүйектегі  28/157-VI    шешіміне сәйкес  ауданының 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджетінің кірісі 16 457 539 мың тенгеге, шығындар  16 595 227  мың теңге болып бекітілді. республикалық даму  трансфертері 50 000 мың теңгеге ұлғайтылды, аудандық бюджеттің өзіндік кірістер жоспары 19447,0 мың теңгеге кемітілді.

Нақтыланған 6 Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №21/109-VI «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2018 жылдың 27 қарашадағы 32/182-VI шешіміне сәйкес  ауданының 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджетінің кірісі 16 457 539 мың тенгеге, шығындар 16 595 227 мың теңге болып бекітілді. республикалық даму  трансфертері 62109 мың теңгеге қысқартылды, облыстық даму  трансфертері 63098 мың теңгеге ұлғайтылды. облыстық ағымдағы трансфертері 7771 мың теңгеге қысқартылды, облыстық ағымдағы  трансфертері 7326 мың теңгеге қысқартылды, аудандық бюджеттің өзіндік кірістер жоспары 46641 мың теңгеге кемітілді.

Іске асырумен Нақтыланған 7  Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №21/109-VI «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2018 жылдың 27 қарашадағы   32/182-VI    шешіміне сәйкес  ауданының 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджетінің кірісі 16 382 595 мың тенгеге, шығындар  16 520 283  мың теңге болып бекітілді. облыстық даму  трансфертері 7975 мың теңгеге қысқартылды. ағымдағы республикалық трансфертері 7 мың теңгеге қысқартылды, облыстық ағымдағы  трансфертері 6 213 мың теңгеге қысқартылды.

Жалпы аудан бюджеті жыл басында кіріс бөлігі 15 034 880 мың тенгеге, шығыс бөлігі  15 031 841 мың теңге болып бекітілді. Жыл соңында  аудандық бюджетінің кіріс бөлігі 1 347 715 мың теңгеге ұлғайтылып 16 382 595 мың тенгені құраса, ал шығыстар бөлігі 1 488 442 мың теңгеге ұлғайып 16 520 283  мың теңгеге нақтыланды.

Төлеби ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын мекемелерінің және коммуналдық мемлекеттік штаттық бірліктері 2017 жылы 2419,11 көлемінде бекітілсе, 2018 жылы 2 рет өзгерістер енгізіліп 21,75 штаттық бірлікке ұлғайтылып 2440,86 бірлікті құрады.

Аудан бюджеттің атқарылуы

        Трансферттер  2 777 536 мың теңге

         Субвенция 10 988 126 мың теңге

         Өз кірісіміз 1 128 853 мың теңге

Кіріс: жоспар 100.2%-ға немесе 2.1 млн.теңгеге жоспардан кем орындалған (жоспар-1 млрд 128,8 млн.теңге, нақты түскені-1 млрд 1130,9 млн.теңге), салықтың 1 түрінен жоспар орындалмаған. Атап айтқанда:

  • Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығының жоспары 338839,0 мың теңге болса, нақты 326345,9 мың теңгеге орындалып жоспар 12493,1 мың теңгеге төмен орындалды.

Қала және ауыл округтер бойынша салық түсімінің жоспары орындалғанымен, ішінара бірнеше салық түрлерінің жоспарлары орындалмаған. Атап айтқанда:

Табыс  салығы бойынша: Алатау, Ленгер қ., Жоғарғы Ақсу, Зертас, Қаратөбе, Кемеқалған, Киелітас, Көксәйек ауыл  округтері  жоспарды  орындамаған.

Жеке тұлғаның мүлік салығы бойынша: Аққұм, Жоғарғы Ақсу, Қоғалы, Көксәйек ауыл  округтері  жоспарды  орындамаған.

Жер салығы бойынша: Жоғарғы Ақсу, Көксәйек ауыл округтері  жоспарды  орындамаған.

Заңды тұлғалардың көлік салығы бойынша: Кемеқалған, Қоғалы ауыл округтері  жоспарды  орындамаған.

Жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша: жоспар артығымен орындалған.

Ал, салықтық емес (ерікті жарналардан, жарнама орналастырудан, жалға беруден және әкімшілік айыппұлдардан) түсімдер бойынша Ленгер қаласымен Бірінші Мамыр ауылдық округтерінен ғана түскен. Қалған ауылдық округтер мүлдем жұмыс атқармаған.

Шығыс: жоспар 17 млрд 930 млн 308 мың теңге болса, игерілуі 17 млрд 918 млн 603,2 мың теңге, немесе игеру жоспары 99,93 пайызды құрап отыр. Игерілмеген қаржы 11 млн 704,8 мың теңге. Субъективтік себептермен 11 млн 181,4 мың.теңгесі игерілмеген.

— қала, ауылдық округтерінде 4 млн 697,7 мың теңге игерілмеген (Зертас ауылдық округінің аппаратында, 1,7 млн.теңге, Қаратөбе ауыл округі әкімінің аппаратында 2,7 млн.теңге Қаржылар абаттандыру жұмыстарына қаралған).

         — Ішкі саясат бөлімінде 2,4 млн.теңге нормативтік құжаттардың аудандық газет беттеріне уақытылы жарияланбауынан.

         — Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде 3,3 млн.теңге. Ленгер қаласындағы 1 мөлтек ауданындағы көп қабатты үйлердің кәріз жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша құжаттарын тапсырмауынан 0,300 млн.теңге, электр жүйелері мен трансформатор орнату бойынша жоба сметалық құжаттамаларының сараптама қорытындысы алынбауынан 1,4 млн.теңге, елді мекендерді  абаттандыру бойынша жоба сметалық құжаттамаларының сараптама қорытындысы алынбауынан 1,5 млн.теңге

         — Құрылыс бөлімінде 0,855 млн.теңге Ленгер қаласындағы 1 мөлтек ауданындағы көп қабатты үйлерге №3, кәріз тазалау ғимараттарын қайта құру бойынша жоба сметалық құжаттамасының сараптама қорытындысы алынбауын игерілмеген қаржы.  

 

Ауданның 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы

Ауданның 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына 2018 жылдың 20 желтоқсанында №34/190-VI шемімімен өзгерістермен толықтырулар енгізілді.

         2018 жылдың 11 айында орындалуы   

  1. Өнеркәсіп кәсіпкерлік саласында 1 индикатор 2 түпкілікті нәтиже көрсеткіштері орындалмаған.

         — Тамақ өнімдерін өндіру 11 айлық жоспары 12375 млн теңге болса нақты 11250,2 теңгеге немесе жоспар 90,9 пайызға орындалды. (түпкілікті нәтиже)

         — Тамақ өнімдерін өндірудің нақты көлем индексі 11 айлық жоспары 105,0 пайыз болса, нақты 102,4 немесе жоспар 97,5 пайызға орындалды. (түпкілікті нәтиже)

         — Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі 11 айлық жоспары 94,9 пайыз болса, нақты 92,1 пайыз немесе жоспар 97,0 пайызға орындалды. (индикатор)

  1. Ауылшаруашылық саласында 1 индикатор 1 түпкілікті нәтиже көрсеткіштері орындалмаған.

         — Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің  нақты көлемінің индексінің 11 айындағы жоспары 103,9 пайыз болса нақты 102,5 пайыз болып жоспар 98,7 пайызға орындалды. (индикатор)

         — Өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлемінің индексі 11 айындағы жоспары 104,0 пайыз болса нақты 100,2 пайыз болып жоспар 96,3 пайызға орындалды. (түпкілікті нәтиже)

  1. Құрылыс саласында 1 индикатор көрсеткіші орындалмаған.

         — Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексінің жоспары 101,5 пайыз болса нақты 87,4 пайызды құрады немесе жоспар 86,1 пайызға орындалды. (индикатор)

         Облыстық тексеру комиссиясының аудиторлық қорытындысы бойынша берілген ұсынымдары

         Аудиторлық қорытынды бойынша 2 425 404,8 мың теңгені құрады, оның ішінде қалпына келтіруге жататыны 2 421 792,1 мың теңге, өтелуге жататыны 3612,7 мың теңге, ал рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы 1 713 960,1 мың теңгеге 105 бірлік бұзушылық фактілері орын алған, оның ішінде бюджет қаражатын пайдалану барысында 100 бірлік 144132,4 мың теңгеге, мемлекеттік сатып алу саласы бойынша 3 бірлік 272 638,7 мың теңгеге, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік бойынша 2 бірлік рәсімдік бұзушылық фактілері орын алды.

         Аталған бұзушылықтар 2018 жылы қорытындысымен ретке келтірілді алайда  1 бірлік бұзушылық 2019 жылға өтпелі. Атап айтқанда:

         — Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолуашылар автокөлігі бөлімінде 458 036 «Газ жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша 1 112 890,0 мың теңгені құрайтын газ құбырларын пайдаланушы мекеменің теңгеріміне берілмеген;

Мемлекеттік – жекешелік әріптестік

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту бойынша Ленгер қаласы 1-мөлтек ауданынан құны 390 млн 345 мың теңгелік спорт кешенінің құрылысы  жүргізілуде, нысан 2019 жылға өтпелі.

Сондай-ақ, Ленгер қаласы Таскешу елді мекенінен құны  305,8 млн  теңгелік 100  орындық бастауыш мектебінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

 Алда уақытта атқаратын жұмыстар

Ленгер қаласындағы көп қабатты 1 мөлтек ауданындағы 5 қабатты 20 пәтерлі 9 үйдің құрылысы. Жоба құны 1 млрд 580,4 млн теңге;

— Елді мекендерді санитарлық тазалау (қар тазалау, құм себу, ретсіз күл-қоқыстарды тазалау, жол бойындағы шөптерді ору);

— Аз қамтамасыз етілген балаларды ыстық тамақпен қамту мақсатында мектептердегі асханаларды ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;

— Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында мектептердегі (күзетші, вахтер, слесарь, от жағушы, еден жуушы, аула тазалаушы) мамандарын мемлеткеттік-жекешелік әріптестікке беру.

— Аудандағы  орташа жөндеуді қажет ететін құны 1 млрд 182,6 млн.теңге болатын ұзындығы 74,02 шақырым 49 көшені орта жөндеу.

        Балабақшаларды оңтайландыру

Аудандағы аз қамтылған балабақшалардың атқаратын қызметіне талдау жүргізіліп, оңтайландыру мақсатында 7 балабақшаны қосып біріктіруге аудан әкімі қаулысының жобасы әзірленді.

Сондай-ақ ең төменгі жалақы деңгейінің өсуіне байланысты жеке категориялары азаматтық қызметшілердің жалақысының өтемақысына қосымша 221 000,0 мың.теңге қаржы қажет етуде.

Дипломмен ауылға бағдарламасы

           2018 жылы көтерме жәрдемақыға 4 маманның құжаттары толық қабылданды. Әр маманға 168,3 мың теңгеден жалпы 673,4 мың теңге төленді. Атап айтқанда: денсаулық сақтау саласынан 2 маман, білім беру саласынан 2 маман.

Тұрғын үй сатып алу үшін 2 маманға 7 215,0 мың теңге жоспарланып, мамандардан тұрғын үй сатып алуға сұраныс түспеуіне байланысты қаржы қысқартылды.

Аудан бюджетіне түсетін түсімдерді ұлғайту мақсатында құрылған жұмысшы топтың қала және ауылдық округтерде жұмыс жасап жатқан жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың жұмыс барысына талдау жүргізу бойынша атқарған жұмыстары

Аудан бюджетіне түсетін түсімдерді ұлғайту мақсатында ауданда жұмыс жасап жатқан жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың жұмыс барысына талдау жүргізу бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесі.

Қала және ауыл округтерін аралау барысында жалпы 616 нысан анықталды оның ішінде 70  демалыс аймақтары, 21 жалға берілетін үйлер, 369 азық-түлік сауда-саттық нысандары, 7 нотариус, 6 ломбард, 7 тіс емханасы, 20 дәріханалар, 12 наубайханалар,  9   ұялы телефон жөндеу орындары 12 есік-терезе жасайтын цехтар, 7 шаштараз, 14 құрылысы жүргізіліп жатқан жаңа нысандар, 14 тойхана, 42 кафе-шайханалар, 5 медициналық орталық, 10  шлакаблок өндіретін цехтар, 19 май ауыстыру бекеттері, 10 құрылыс заттар сату дүкені, 11 қымызхана, 3 мал дәрігерлік  аптека, 8 көлік жөндеу орталығы, 4 көлік жуу орны және 4 жем сату дүкені анықталды.

Демалыс орындары

Анықталған нысандардағы 70 демалыс орындарының барлығы Мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелген. Сонымен қатар аталған нысандарының жер телімінің нысаналық мақсатын анықтау бойынша жер кадастр мекемесіне анықтау жұмыстарын жүргізу үшін тізімі жолданды. Сондай-ақ 15 демалыс орны санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды рұқсатын алған және қалған демалыс орындарына санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды рұқсатын алу туралы хабарлама берілді.

Қымызханалар

— 9 қымызхананың 5 қымызханасы Мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелген, 4 қымызхана тіркелмеген, 2 қымызхана санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды рұқсатын алған және қалған 7 қымызханаға орнына санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды рұқсатын алу туралы хабарлама берілді.

Жалға берілетін тұрғын үйлер

21 жалға берілетін коттедждердің 14-і Мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелген, 6 коттедж тіркелмеген және 1 коттедждің иесі анықталмады. Аталған нысандардың  жер телімінің нысаналық мақсатын анықтау бойынша жер кадастр мекемесіне анықтау жұмыстарын жүргізу үшін тізімі жолданды.

Азық-түлік дүкендерімен сауда саттық нысандар

Елді мекендерді аралау барысында 369 азық-түлік дүкендерімен сауда саттық нысандар анықталып Мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелмеген 38 нысан анықталып, бүгінгі күні кірістер басқарамасына 30 кәсіпкер тіркеледі.

Сондай-ақ оның ішінде 6 азамат кәсіпкерлігін уақытша тоқтатқан. Сонымен қатар 5 азық-түлік дүкенінің құжаттары рәсімделуде. Қалған 29 дүкеннің құжаттары жоқ, яғни аталған 36 дүкен жеке тұрғын үйлерінде орналасқан.

Аталған 369 нысанның 31-і  жер телімдерін нысаналы мақсатқа сай пайдаланбай отыр. Нысандардың  жер телімінің нысаналық мақсатын анықтау бойынша жер кадастр мекемесіне анықтау жұмыстарын жүргізу үшін тізімі алынып құжаттарын заңдастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Одан өзге азық-түлік дүкендерінде алкогольдік ішімдік сатып жатқан нысандарда Аққұм ауыл окургінде 2 дүкенде және Тасарық ауыл окургінде 1 дүкенде заңсыз  алкоголь ішімдіктерінің сату фактілері анықталып құжаттарын заңдастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Азық-түлік және сауда саттықпен айналысатын 6 дүкендерде кассалық аппараттары орнатылмағаны анықталып, заңдастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ анықталған 7 нотариус, 6 ломбард, 7 тіс емханасы,                20 дәріхана, 9 ұялы телефон жөндеу орындары, 7 шаштараз, 14 құрылысы жүргізіліп жатқан жаңа нысандар, 14 тойхана, 5 медициналық орталық, 10  шлакаблок өндіретін цехтар, 19  май ауыстыру бекеттері, 10 құрылыс заттар сату дүкені, 3 мал дәрігерлік  аптека, 8 көлік жөндеу орталығы, 4 жем сату дүкенідері барлығы мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеліп құжаттары заңдастырылған.

Анықталған 12 наубайхананың, 3-нің құжаттары рәсімделуде, ал  4 наубайхана өздерінің жеке тұрғын үйлерінде орналасқан. Барлығы Мемлекеттік кірістер басқарамасына тіркеліп жұмыстарын атқаруда.

— 12 есік-терезе жасайтын шағын цехтар жұмыс жасауда оның 5 кәсіпкері нысандарын жеке тұрғын үйлерінен ашқан. Барлығы Мемлекеттік кірістер басқарамасына тіркеліп жұмыстарын атқаруда.

Жұмыс жасап жатқан 42 кафе-шайханалардың, 2-нің құжаттары рәсімделуде. Барлығы Мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелген.

Нәтижесінде:

— 49 демалыс орындарының барлығы кірістер басқармасына тіркелген;

— 9 қымызхананың 5 қымызханасы Мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелген, 4 қымызхана тіркелмеген;

— 21 жалға берілетін коттедждердің 14-і Мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелген, 6 коттедж тіркелмеген және 1 коттедждің иесі анықталмады;

— 369 азық-түлік дүкендерімен сауда саттық нысандар анықталып, Мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелмеген 38 нысан анықталып, бүгінгі күні кірістер басқарамасына 30 кәсіпкер тіркеледі.

Мемлекеттік мүлікті жалдау (жалға беру) бойынша

2018  жылы  жалпы 79   келісім шарт  түзілді. Оның  48 жалпы  1 840,4  шаршы метр  жайды   балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз  ету мақсатына  жалға берілді. Ал,  30 келісім – шарт жылпы 43,4 шаршы метр  буфет және кеңсе  тауарларын  сату мақсатына берілді және 1 келісім – шарт жалпы 40,0 шаршы метр   кәсіпкерлер  мектебінде  семинарлармен тренингтер  өткізу  мақсатына жалға берілді. 2018  жыл басынан  аудан  бюджетіне  мемлекеттік мүлікті жалдау (жалға  беру)  үшін 1 264,1  мың  теңге түскен (жоспар 1 220,0 мың теңге).

Бос тұрған ғимараттардың нысаналы мақсатқа пайдалануы

  1. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Арнайы медициналық жабдықтау базасы» бұзылып Төлеби ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №543 қаулысымен «Ленгер қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берілді.
  2. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Төлеби аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты «Зертас дәрігерлік амбулаториясының» ғимараты тұрмысы аз қамтамасыз етілген және ауданның тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік сала мамандарына тұрғын үй мақсатында Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй заңына» сәйкес, Төлеби ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 шілдедегі №244 қаулысымен «Төлеби аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берілді.
  3. Төлеби ауданы, Ленгер қаласы, Төлеби көшесі №142 «А» үйде орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің меншігіндегі ғимарат Төлеби ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қазандағы №378 қаулысымен «Төлеби аудандық ветеринария бөлімі» мемелекеттік мекемесінің теңгеріміне берілді.
  4. «Төлеби аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Төңкеріс бастауыш мектебінің» ескі ғимараты «Төлеби аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №324-П бұйры-ғына сәйкес аталған мектептің қоймасы ретінде пайдалануға берілді.
  5. «Кемеқалған ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі «Әңгірата бастауыш мектебі» 1934 жылы салынған қабырғасы қамқыштан салынған мектеп ғимараты тозуына орай, ғимараттың техникалық ахуалын зерттейтін ауданның комиссиясының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы шешіміне және аудан әкімдігінің 2017 жылғы 16 желтоқсандағы №530 қаулысына сәйкес ғимараттың бұзылу жұмыстары жүргізілді.

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw