0Общее количество посещений .

Бөлісу

ТӨЛЕБИ АУДАНЫ АУМАҒЫНДАҒЫ 2017 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Ветеринария саласы бойынша  2018 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі

  Аудандық  ветеринария бөлімі аудан аумағындағы    ветеринариялық   іс–шараларды бекітілген жоспарға сәйкес орындау мақсатындағы жұмыстарды  ұйымдастырып, бақылау, қадағалау жұмыстарын тұрақты  жүргізуде.

    Эпизоотиялық жағдай  аудан аумағында 2018 жылы  ауыл шаруашылық жануарлар арасында аса қауіпті жұқпалы ауру тіркелген жоқ.

Эпизоотияға қарсы атқарылатын іс-шаралар  2018 жылғы   іс   жоспары  бойныша індетке қарсы егу жұмыстары (келген биопрепарттар бойынша) 100 пайызға орындалды. 2018 жылға Эпизоотияға қарсы іс-шаралар мерзімінде орындалды, бюджет есебінен бөлінген 133 012,0 мың теңге қаржы толық игерілді

Бруцеллез ауруына  қарсы қан алу бойынша жыл басынан    бас  80399 міқ – дан  және  259475 бас уақ малдан қан сынамалары алынды. Нәтижесінде  оң нәтиже көрсеткен 109 бас міқ, 146 бас уақ мал Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы  « Замин » ЖШС-гінің қайта өңдеу шұжық цехына өткізілді. Мал иелеріне өтем ақы төлеуге                 11 000 678 мың теңге қаржы қаралып, толығымен игерілді. Адамдар арасындағы бруцеллез ауруымен аурушаңдық 2017 жылмен салыстырғанда 1 жағдайға кеміді   (2017 жылы – 8, 2018 жылы – 7).

«Құтыру» ауруының алдын алу мақсатындағы қаңғыбас ит, мысықтардың нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылғы 13 ақпандағы № 37 өкімі мен комиссия құрылып, комиссия тұрақты жұмыс жасауда.  Жыл басынан  4000 (3961 ит, 69 мысық)  қаңғыбас ит, мысықтар  жойылды, жұмыс жыл бойында тұрақты  жүргізілетін болады. Биылғы  жылы ит  пен  мысықтардан  жарақат  алғандар  саны  515,  жарақаттаған иттің иесіне  айыппұл салуға ауылдық әкімдерге жыл басынан  114   ұсыныс берілді. Әкімшілік тарапынан иттің иелеріне айыппұл салынып жатыр.

       Ауыл шаруашылығы жануарларын  бірдейлендіру  ветеринария саласындағы негізгі жұмысы болып саналады. Себебі, барлық ветеринариялық  іс-шаралар  малдың  есебіне байланысты жүргізіледі. Биылғы жылға 28392 дана  міқ-ға  89000 дана уақ малға, шошқаға 1000 дана, түйеге 6 дана құлақ жапсырмаларын ауылдық округтерге таратылып берілген. Бүгінгі таңда  28392  бас  МІҚ  100%,  89383  бас  уақ малға 100%, 1000 бас шошқаға 100%  бірдейлендіру жұмыстары  жүргізілді.  Оның  ішінде  27583 бас  міқ, 84551 бас уақ  мал   ВЕБ — порталға  енгізілді. Сонымен  қатар  биылғы жылға 7432  бас жылқыға ветеринариялық  паспорт берілу жоспарланып, қазіргі таңға 7432  жылқыға ветеринариялық паспорт беріліп, 100% орындалды.

       Энзоотиялық аурулардың алдын алу   мақсатында  кенеге қарсы өңдеу жұмыстары бойынша І кезеңінде 81256 бас,  ІІ кезеңінде  90663  бас  ірі малдарға  бүрку, І кезеңінде 217866 бас, ІІ кезеңінде 241496  бас уақ малдар тоғыту, І және ІІ кезеңіндерінде  2789305   ш/м   қора —  жайларға,  1069200  ш/м мал иірімдері мен суаттарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Барлық кенеге қарсы өңдеу жұмыстары бекітілген жоспарға сай  орындалды.

Ірі қара малдың  аналық басын  жасанды жолмен  ұрықтандыру  бойынша 24 қолдан ұрықтандыру бекеттерінде 30 қолдан ұрықтандырушы мамандар жұмыс жасауда. Қолдан ұрықтандыру жұмыстарының нәтижесінде 2017 жылы 8000 бас  сиыр қолдан ұрықтандырылып,  жыл басынан  4441  бас  төл  алынды.  2018 жылға  8000  бас  ірі қара мал  аналығын  қолдан  ұрықтандыру  жоспарланып отыр. Жыл басынан  5264 бас  ірі қара мал  аналығына қолдан ұрықтандыру жұмыстары жүргізілді                           

      Ветеринариялық–санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағындағы  жануарлардан алынған  өнімдерді  сатумен айналысатын  азық түлік базары-2, ет өнімдерін сататын дүңгіршектер-5, дүкендер-275, мал баз-5, асхана-23, кафе-15, тойханалар-13, жем сататын орын-17, вет.аптека-10, мал сою орны-9, барлығы-357 ішкі сауда обьектілеріне мамандар бекітіліп, тұрақты бақылау және қадағалау жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік ветеринариялық-сантариялық бақылау обьектілеріне  ветеринариялық-санитариялық қорытындылар беру жұмыстары бойынша, жануарларды өсіру және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс орындарына  жыл басынан  76 ветеринариялық-санитариялық қортынды берілді оның ішінде 63-не есептік нөмір берілген, 5 ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес емес, 4 техникалық себептерге байланысты, 4 тек ветеринариялық-санитариялық қортынды берілген.

         Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 2018 жылы 139 өтінішке (есептік нөмір беру –63, ветеринариялық санитариялық қорытынды беру – 76) байланысты ветеринариялық – санитариялық бақылау қадағалау жұмыстары жүргізіліп, 5 өтінішке ветеринариялық – санитариялық талаптарды орындауға нұсқама берілді.

Ветеринария саласында Қазақстан Республикасы заң талаптарын жою туралы 115 нұсқама берілді.  «Мал ұрлығына тосқауыл» рейдтік іс шарасын жүргізу  барысында, Көксәйек мал базарына  үй жануарларды  құжатсыз алып келген  31 азаматқа шара көрілді оның ішінде 1 ескерту жасалды, оның ішінде 31 азаматқа «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде, 8 азаматқа аудан әкімінің орынбасары атынан әкiмшiлiк жазаны салу туралы қаулы шығарылып  әкімшілік айыппұл салынды. Ал 4 азаматтқа ҚР ӘҚБК-ң 406 бабы бойынша салынған айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіруге Түркістан облысының өңірлік жеке сот орындаушылар палатасына құқық бұзушылардың іс құжаттары жолданды. Жалпы салынған айыппұлдың сомасы 1004087,00 теңге.

Бөлім қызметкерлерімен «Төлеби ауданының ветеринарлық қызметі» МКК — ны атқарған жұмыстардың сапасы мен іс – шара жоспарлардың белгіленген мерзімдерде орындалуы сараланып, вет.пункт қызметкерлерімен 5 жиналыс өткізіліп, өз міндетіне жауапсыздық танытқан 7 маманға (Ж.Әбетаев, Д.Жолдасов, Х.Рустам, Б.Алпаев, Ғ.Кенжебеков, Б.Көкенаев, Қ.Жайшибеков) тәртіптік шара көруге ұсыныстар берілді. Вет пункт меңгерушісі Е.Асановқа әкімшілік шара көріліп, айыппұл салынды.

© 2018 Ресми интернет-ресурс: Төлеби ауданының әкімдігі

Өтініш беру
Сайт картасы
fb tw tw