Жарасбаев Сакен Абиханович

1967 жыл туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша мал дәрігерлік-фельдшері, мал дәрігері.

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ветеринария ісін ұйымдастыру кафедрасының ассистенті болып бастаған.

1996-2005 жылдары Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ветеринария ісін ұйымдастыру және патаанатомия кафедрасының ассистенті, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің микробиология және жұқпалы аурулар кафедрасының ассистенті, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің оқу әдістемелік басқармасының жетекші маманы, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің оқу әдістемелік басқармасының сектор меңгерушісі, аға асистенті болып еңбек еткен.

2005-2007 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқу-әдістемелік басқармасы директорының орынбасары, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Ветеринариялық медицина және зоотехния» кафедрасының меңгерушісі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Агроөнеркәсіптік оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы болған.

2008-2014 жылдары ҚР АШМ Республикалық ветеринариялық зертханасының РМҚ ОҚО филиалы жан-жануарлар кеселдерінің диагностикасы бөлімінің бактериолог жетекші маманы, ҚР АШМ Республикалық ветеринариялық зертханасының РМҚ ОҚО филиалы жан-жануарлар кеселдерінің диагностикасы бөлімінің мал дәрігері, ҚР АШМ «Республикалық ветеринариялық зертханасы» РМҚ ОҚО филиалы жан-жануарлар кеселдерінің диагностикасы бөлімінің бас маман- серолог, Арнайы тексеруден өткунге дейін ҚР АШМ АӨК МИК Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының бас маман-мемлекеттік ветеринариялық инспекторының міндетін атқарушы, ҚР АШМ АӨК МИК Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының бас маман-мемлекеттік ветеринариялық инспекторының міндетін атқарушы, ҚР АШМ АӨК МИК Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының ветеринария бөлімінің бас маман-ветеринариялық инспекторы, ҚР АШМ АӨК МИК Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының бас маман-мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы, ҚР АШМ АӨК МИК Созақ аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық және асыл тұқым инспекция бөлімінің бастығы, ҚР АШМ ВБжҚК Созақ аудандық аумақтық инспекциясының ветеринариялық-бақылау және қадағалау бөлімінің бастығы, ҚР АШМ ВБжҚК Созақ аудандық аумақтық инспекциясының бастығы юолған.

2014-2015 жылы ҚР АШМ  бақылау қадағалау комитеті Ленгер қалалық аумақтық инспекция басшысы, Төлеби аудандық ветеринария бөлімі басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

2019 жылдан Төлеби аудандық ветеринария бөлімінің басшысы