БАУЫРЖАН ОМАРБЕКОВ «БАЛА ДАУЫСЫ-2019» БАЙҚАУЫНЫҢ ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

БАУЫРЖАН ОМАРБЕКОВ «БАЛА ДАУЫСЫ-2019» БАЙҚАУЫНЫҢ ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

БАУЫРЖАН ОМАРБЕКОВ «БАЛА ДАУЫСЫ-2019» БАЙҚАУЫНЫҢ ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ 1944 1296 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Бүгін аудан әкімі Бауыржан Омарбеков 24-25 қазан күндері аралығында Ә.Н.Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Бала дауысы-2019» байқауына Түркістан облысының атынан қатысып, гран-приді иеленген Мейрамбек Шалқарбайды қабылдап, жеңісімен құттықтады.

«Осындай дарынды баланы тәрбиелеп шыққандарыңызға алғыс айтамын. Дайындаған ұстазына, еңбегіңіз еленіп, шәкірттеріңіз биік белестерді бағындырып, Қазақстанның атын әлемге таныта берсін дегім келеді» деп, аудан басшысы ата-анасы мен ұстазына алғысын білдірді.

«Бала дауысы» конкурсы биыл 4-ші жыл өтуде. Оған еліміздің әр өңірінен 5 мыңнан аса үміткер қатысып, үздік деп танылған 17 жеткіншек ақтық мәреге жолдама алған. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан М.Шалқарбай енді Токио қаласындағы Дис нэй лэнд демалыс орнына сапар шегіп, А.Мұсаходжаева басқаратын «Шабыт» Қазақ ұлттық академиясында грантқа түсе алады.

Мейрамбек Шалқарбай бұған дейін 2017 жылы аудандық «Ақбота» ән-би байқауының І орын, 2018 жылы республикалық «Балауса жұлдыздар» өнер байқауында Бас жүлде, «Көктем гүлі-әз наурыз» республикалық өнер байқауының «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша Бас жүлде, «Қысқы әуен» халықаралық өнер байқауының І –орын иегері атанған болатын.

Қазіргі таңда, Төлеби ауданындағы Қ.Тыныбеков атындағы жалпы орта мектебінің 6-сынып оқушысы. 4 жылдан бері облыстық жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының «Вокал» үйірмесінің ұстазы, халықаралық ән байқауларының лауреаты Керімбекова Дәмелі Өтелбекқызынан сабақ алып, үздіксіз білімін жетілдіріп келеді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply