БАУЫРЖАН ОМАРБЕКОВ: «ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУҒА ШАҚЫРАМЫН»

БАУЫРЖАН ОМАРБЕКОВ: «ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУҒА ШАҚЫРАМЫН»

БАУЫРЖАН ОМАРБЕКОВ: «ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУҒА ШАҚЫРАМЫН» 960 839 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Аудан әкімі короновирустық инфекцияның алдын-алу шараларын талқылау мақсатында мәжіліс өткізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, қала, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары мен аудандағы мекеме басшылары қатысты.

Бауыржан Омарбеков аудандағы қоғамдық орындарда және әлеуметтік нысандарда санитарлық ережелерді қатаң сақталуын тапсырды. Қала, ауылдық округ әкімдеріне арнайы мамандармен бірге тойхана, кафе, ресторандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігі ескертілді. Сонымен қатар тұрғындарға мерекелерді мүмкіндігінше адам көп жиналатын жерлерде тойламауды ұсынды.

Аудан басшысы барлық атқарылып жатқан шаралар өңірдегі тұрақты жағдайды сақтауға бағытталатынын айтып, азаматтарды жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply