БИЫЛ БІРІНШІ МАМЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП, АЯҚ ЖОЛДАР САЛЫНАДЫ

БИЫЛ БІРІНШІ МАМЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП, АЯҚ ЖОЛДАР САЛЫНАДЫ

БИЫЛ БІРІНШІ МАМЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП, АЯҚ ЖОЛДАР САЛЫНАДЫ 2048 1365 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің кезекті есеп беру жиыны Бірінші Мамыр ауылдық округінде өтті. Есепті кездесуде аудан басшысы 2019 жылы атқарған жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды.

Жалпы Бірінші Мамыр ауылдық округінде біршама жұмыстар атқарылған. Атап айтар болсақ округ кіре-берісіне, облыстық маңызы бар жолға арка орнатылып, Бірінші Мамыр ауылы Жеңіс саябағындағы ескерткіш қайта жөндеуден өткен. Алғабас, Зағамбар, Бейнеткеш, Жанажол ауылдарының кіре берісіндегі жол бойларына егілген көшеттерді тамшылатып суғару мақсатында 3 тонналық ыдыстар орнатылған.

Өткен жылы жеке кәсіпкерлер қаражаты есебінен 100 орындық «Айсұлтан-2» және 125 орындық «Жаңа жол» балабақшалары іске қосылып, бүлдіршіндердің білім алуына жұмыс жасауда. Бірінші Мамыр ауылдық округінде 32 дана орталық және ішкі көше бойларына жарық шамдары қойылған. Бірінші Мамыр елді мекені Ш.Мырзалиев көшесінің 440 метрі, Қайназаров көшесінің 340 метрі, Зағамбар елді мекенінің Әл Фараби көшесінің 440 метріне аяқ жолдар салынды. Бейнеткеш ауылында жоба құны 22 млн теңге болатын заманауи үлгідегі футбол манежі іске қосылып, салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындарға жұмыс жасауда.

Есептік кездесуде аудан басшысы 2020 жылы жүзеге асырылатын жұмыстардың барысымен таныстырып, жоспарларымен бөлісті.

— Осы жылы Алғабас елді мекені Балауса көшесіне, Бейнеткеш елді мекені Ұлытау және Ұйымшыл көшелеріне трансформатор орнатып электр желілерін жүргізу үшін 99,2 млн теңге қаржы қаралды. Бірінші Мамыр елді мекенінің жаңа массивтеріне инженерлік коммуникация жүйелерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге (табиғи газ, телефон) 4,9 млн теңге, Ынтымақ елді мекенінен 150 орындық мектеп құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 8,5 млн теңге, Тағайна елді мекенінен 200 орындық мектеп құрылысана жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 1 млн теңге бөлінді, — деді өз сөзінде аудан әкімі.

Сондай-ақ, Бейнеткеш елді мекені Шапағат көшесінің 1,8 шқ жолын, Жаңажол елді мекені Егемендік көшесінің 1,045 шқ жолын, Ынтымақ елді мекені Отан көшесінің 1,04 шқ жолын, Зағамбар елді мекені Отырар көшесінің 0,59 шқ жолын, Зағамбар елді мекені Мәңгілік ел көшесінің 1,8 шқ жолын орта жөндеу жұмыстары жүзеге асырылатын болады.

Есеп соңында Бірінші Мамар ауылдық округінің тұрғындары Қожабек көшесіндегі бағаналар мен электр желілерін, Бейнеткеш ауылының интернет желісін, Қонаев көшесіндегі трансформаторды ауыстыру, Д.Үмбеталиев көшесіне аяқ жол салу бойынша сауалдарын қойды.

Аудан әкімі көтерілген мәселелерді тыңдай келе, Қожабек көшесінің электр бағаналары мен желілері, Қонаев көшесінің трансформаторы Оңтүстік Жарық мекемесі арқылы ағымдағы жөндеуден өтіп, ауыстыруды қажет ететін бағаналар жаңартылатынын айтты. Аяқ жол мәселесі бойынша ауылдық округтердегі негізгі көшелердің бойына жол аяқ салынып болған соң, ішкі көшелерге кірісетіндігі сөз етілді.

Төлеби ауданы әкімінің бапасөз қызметі

Leave a Reply