БИЫЛ ЛЕНГІР ҚАЛАСЫНЫҢ 12 КӨШЕСІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

БИЫЛ ЛЕНГІР ҚАЛАСЫНЫҢ 12 КӨШЕСІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

БИЫЛ ЛЕНГІР ҚАЛАСЫНЫҢ 12 КӨШЕСІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ 2048 1365 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Аудан әкімі Бауыржан Омарбеков Ленгір қаласының тұрғындары алдында есеп беру кездесуін өткізді.
Есеп беру жиынында көпшілік аудан әкімінің өткен жылы атқарған жұмыстарын арнайы дайындалған бейнесюжет арқылы көріп танысып шықты.

2019 жылы ленгірліктер үшін көптеген игілікті істер атқарылды. Төлеби және Ә.Бектаев көшелеріне 8 дана жаңа үлгідегі аялдамалар, Төлеби көшесінің орталық алаң маңына 2 жақтама LED экран орнатылды. Орталық алаң мен Төлеби баба ескерткішінің маңын абаттандырып, су бұрқақ, ұялы телефон қуаттағышы бар орындықтар, түнгі жарық шамдары мен астынғы төсенділері ауыстырылған. Қала бойынша 2 жерге балалар ойын алаңшалары мен 2 жерге стрит воркауттар құрылып, Новостроевка елді-мекеніндегі арка қайта жаңғыртудан өткізіліп жарықтандырылған.
«Ленгерка» өзенінің үстінен өтетін Н.Свинарчук, “Нұртас” кафесінің арт жағы, Чкалова, Сейфулина көшелері бойындағы жаяу жүргіншілер көпірлері жөндеуден өткізіліп, Север мөлтек ауданына баратын жол бойына тротуар төселген.

2019 жылдың 2-ші жарты жылдығында 22 ішкі көшелерді орта жөндеуден өткізу жұмыстары басталып, бүгінде жұмыстар жалғасатын болады. Одан бөлек Республикалық бюджет есебінен орталық Төлеби көшесі мен Ә.Бектаев көшелерінде орта жөндеу, абаттандыру жұмыстары орындалуда.

«Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-нің «ИНВЕСТ» бағдарламасы аясында 2019 жылы Төлеби, Мамедова, Қазақстан көшелеріндегі 271 дана электр бағаналары және 16,1 шақырым электр желілері, Қозғамбаев көшесіндегі 1 дана трансформаторы қуаттылығы жоғары трансформаторына ауыстырылды.

Өз кезегінде аудан әкімі 2020 жылға қойылған мақсатты жұмыстарды тарқата айтып берді.
Алдағы уақытта, Ленгір қаласы Қапал батыр-Оқжетпес көшелерінің жол қиылыстарына 4 жақтама 1 дана бағдаршам орнату, орталық көшелердің халық көп жүретін жерлеріне 2 дана бейне бақылау орнату жоспарлануда.

Самал тұрғын-үй кешенінің 10/0,4 кВ электр желілерінің құрылысын жүргізуге және Қазығұрт тұрғын-үй кешенінің 10/0,4 кВ электр желілерінің құрылысын жүргізу үшін жобалау ізденіс жұмыстары жүргізілуде.
Былтырғы жылы басталып, 2020 жылға ауыспалы болған Төлеби-Қапал батыр көшелерінің қиылысындағы шатқалды абаттандыру, Төлеби-Бірлік көшелерінің 7,5 шқ абаттандыру жұмыстары, Төлеби көшесі 6,0 шқ орта жөндеу, №2 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары мен №5 гимназия мектебінің 200 орындық оқу блогы, 50 орындық асхана, шеберхана және спорт залының құрылысы аяқталатын болады.

Ағымағы жылға бірнеше нысандардың құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Олар, №7 мектеп лицейін ағымдағы жөндеу, “Жастық” жасөспірімдер стадионын күрделі жөндеу, №1 мектеп гимназиясының 300 орындақ оқу блогы, акт зал, асхана, шеберхана, кітапхананың құрылыстарын жүргізу жұмыстары. Оған қоса, 1 мөлтек ауданынан әлеуметтік жағдайы әлсіз және көп балалы аз қамтамсыз етілген отбасыларға 9 дана 5 қабатты 20 пәтерлі тұрғын үй құрылысын салуға 1 млрд 341,5 млн теңге, «Алатау» мөлтек ауданының инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысына жоба сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 20,9 млн теңге, 80 орындық оқушылар үйінің ғимаратын салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 10,7 млн теңге қаралып отыр.

Қала ішіндегі көшелер де алдағы жоспардан тыс қалған жоқ. Биыл Бейбарыс көшесінің 1,22 шқ жолы, Жастар көшесінң 1,76 шқ жолы орта жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, Көктерек көшесі (Мичурина) 0,485 шқ, Титова көшісі 0,195 шқ, Әділет (Депутатская) 0,185 жалпы 0,865 шқ жолдарының орта жөндеуін аяқтауға 487 мың теңге бөлінген. Қ.Дүйсемұратұлы көшесінің 1,75 шқ жолы, Жастар 4,0 шқ, Күмистобе 0,9 шқ, Достык 1,0 шқ, Шұғыла 1,5 шқ, жолы, Көкжиек (Набережная) көшесінің 1,9 шқ жолы, Базар көшесінің 1,035 шқ жолының орта жөндеу жұмыстары аяқталады.

Ленгір қаласының абаттандыру жұмыстарына 220,5 млн теңге қаралды. Оның ішінде Қапал батыр көшесінің бойына қосымша 12 жерге аялдама, 5 жерге заманауи балалар ойын алаңшасын және стрит воркауттар орнату жұмыстары бар. Сонымен қатар, қала бойынша су ағарларды жөндеу, Қазыбек би көшесінің бойындағы спорт алаңшаны жөндеу және А.Маделханов көшесіне спорт алаңшасын орнату қарастырылған. 1 мөлтек ауданындағы көп қабатты жаңа үйлер массивінен №3 орта мектепке қарай аяқ жол салу, қала аумағынан гүлден жасалған аркалар орнату, қала бойынша 55 дана қоқыс тастайтын контейнер орнату және қоршау сынды жұмыстар атқарылатын болады.

Ленгір қаласы аумағындағы тағыда атқарылатын ауқымды жұмыстардың бірі Әйтеке би көшесі, бұрынғы «Ленгір су» МКК орнына, сквер және балалар ойын алаңшасын, спорттық құрылғылар орнатуға және «Ленгерка» өзенінің бойын абаттандырып, тұрғындардың сая құратын аумағына айналдыруға жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптамадан өткізілуде.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply