Жаңалықтар

3608 АБОНЕНТТІ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ

3608 АБОНЕНТТІ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ 1280 853 azizyeszhanov_ydg3sjjr

2020 жылы Төлеби ауданында бірнеше елді мекендердің тұрғын үй массивтері мен жаңа көшелерін электрлендіру жоспарланған. Осы мақсатта 6 жоба жүзеге асырылмақ. Аталған жобалар бойынша Қасқасу, Көксәйек, Қоғалы, Тасарық, Алатау және Бірінші Мамыр ауылдық округтерінің 49 көшелерінде электр бағаналары, жаңа желiлер мен трансформаторлар орнатылады. Нәтижесінде осы жылы 21 елді мекендегі 3608 абонент сапалы электр қуатымен қамтылатын болады. Бүгін Қоғалы ауылдық округінің көшелерінде электр желілерін орнату жұмыстары басталды. Осыған орай, аудан әкімі Бауыржан Омарбеков жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысып қайтты.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

44 КӨШЕ ЖОЛДАРЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

44 КӨШЕ ЖОЛДАРЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ 1944 1296 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Төлеби ауданы әкімі Бауыржан Омарбековтің тапсырмасына сәйкес, бүгін Көксәйек ауылдық округі, Қазақстан елді мекеніндегі А.Сайрамали мен С.Колбаев көшелерін орташа жөндеу жұмыстары басталды. Жалпы алғанда, аудан бойынша 2020 жылы 44 көше жолдарына орташа жөндеу жүргізілмек. Аталған жолдардың жалпы ұзындығы 68,4 шақырымды құрайды. Оған қоса, 18,5 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар автомобиль жолдары орташа жөндеуден өтеді. Нәтижесінде аудан аумағындағы жолдардың қанағатты жағдай көрсеткіші тағы өсетін болады.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ 768 564 azizyeszhanov_ydg3sjjr

«Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсын өткізу

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында айқындалған «Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарланады.

Конкурсты өткізу кезеңі: 2020 жылдың мамыр-қыркүйек айлары.

Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметте әкім лауазымында бір жылдан кем емес өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдеріне жол беріледі.

Конкурсқа құжаттар 2020 жылдың 25 мамырынан бастап 15 маусымына (қоса есептегенде) дейін қабылданады.

Конкурстың ережесі туралы толық ақпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық Департаментінің және облыс Әкімдігінің ресми сайтына орналастырылған (Әдістеме сілтемесі – 1)http://turkistan.gov.kz/ru/obyevleniye-o-provedenii-respublikanskogo-konkursa-luchshiy-selskiy-akim,
2) https://www.facebook.com/memkyzmet/posts/575655949810093).

Конкурс құжаттарын s.zhumabaev@kyzmet.gov.kz эл. поштасына жолдаңыз.

Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша +77754977282 тел. нөміріне хабарласуға болады.

Мемлекеттік қолдау шаралары

Мемлекеттік қолдау шаралары 911 361 azizyeszhanov_ydg3sjjr

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және «Qazindustry»Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-ның еңбек өнімділігін арттыру бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарына шығындардың бір бөлігін өтеу түрінде мемлекеттік қолдау шаралары іске асырылуда. Мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық ақпаратты https://qazindustry.gov.kz/kk ресми сайттан біле аласыздар.

КӘСIПКЕР 60 ОТБАСЫҒА ДЕМЕУ БЕРДІ

КӘСIПКЕР 60 ОТБАСЫҒА ДЕМЕУ БЕРДІ 960 720 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Аудандағы селден зардап шеккен отбасыларға кәсiпкерлер тарапынан да көмек демеу көрсетiлуде. Iзгiлiктi бастамалардан қалыс қалмайтын Нуров Амангелді Қуанышұлы басшылық жасайтын «Бейбарс и К» ЖШС және Қуаныш Ешенқұл қоры 60 отбасыға 20000 теңгеден қаржылай көмек үлестерді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Құрметті әлеуетті өнім берушілер!

Құрметті әлеуетті өнім берушілер! 768 564 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Сіздерді Порталға тіркелуге шақырамыз. Туындаған сұрақтар бойынша аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне хабарласуға болады. Байланыс нөмері 8(72547) 6-12-71

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап республика бойынша «Әлеуметтік қызметтер порталы» кезең-кезеңімен енгізілуде.

Мұнда, мүгедектігі бар тұлғалар өздерінің жеке қажеттіліктеріне сүйене отырып оңалту құралдары мен қызметтерін өздері таңдауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, Порталда Мемлекет тарапынан техникалық оңалту құралдары мен қызметтерінің құнын өтеу тетігі қарастырылған. Тұтынушы неғұрлым қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған жағдайда, өз тараптарынан үстінен қосымша қаржы төлеу мүмкіндігі де көзделген.

Бұл ретте, мүгедектігі бар адамдар тауарды өнім берушіге қайтару фактісі анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы «Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы» №14 бұйрығына сәйкес, өнім беруші тауарлардың және (немесе) қызметтердің құнын уәкілетті органға күнтізбелік 15 күн ішінде қайтаруды жүзеге асырады.

Сондай-ақ,әлеуетті өнім берушілер Порталда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы «Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерді тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару қағидаларын бекіту туралы» №18 бұйрығына сәйкес:

1) салық берешегі және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ;
2) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайды;
3) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген;
4) міндетті сертификаттауға жататын тауарларды жеткізу кезінде сәйкестік сертификаты бар;
5) медициналық бұйымдарды жеткізу кезінде тіркеу куәлігі бар; 6) тауарларды және/немесе көрсетілетін қызметтерді өткізу үшін бағаны табыстаған жағдайда тіркеле алады.

БАС МҮФТИДІҢ ТӨЛЕБИЛІКТЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕГІ

БАС МҮФТИДІҢ ТӨЛЕБИЛІКТЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕГІ 719 960 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы Төлеби ауданына қайырымдылық көмегін жіберді.

Шымкент қаласының бас имамы Бағдаулет Абдрахманов, имам орынбасары Мухаммеджан Естемиров, Еркебулан Қарақулов, Дастан Желеуовтар Төлеби халқына ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы жіберген гуманитарлық көмегін тапсырып, бас мүфтидің сәлемін жеткізді.

Көмек керуеніндегі киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық заттар, тұрмысқа қажетті басқа да заттар Ленгір қаласындағы орталық қоймаға орнатылды.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ЕРІКТІ ЖАСАҚ МАРАПАТТАЛДЫ

ЕРІКТІ ЖАСАҚ МАРАПАТТАЛДЫ 2048 1365 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Елімізде Төтенше жағдай режимі жарияланып, карантин шектеулері енгізілген кезде Төлеби ауданында 12 азамат өз еркімен әскери қызметке келген болатын. Олар бір ай бойы аудан аумағында дезинфекциялық құралдарымен ауқымды жұмыстар атқарды. Арнайы жиында болған азаматтар аудан аумағындағы төтенше жағдайды жоюға қосқан үлестері және ерекше қызметтері үшін Төлеби ауданы әкімі Бауыржан Омарбековтің алғыс хатымен марапатталды.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ СЕЛ САЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ СЕЛ САЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ 960 705 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданын аралап, нөсерлі жауыннан зардап шеккен нысандарды ретке келтіру жұмыстарын тексерді. Төлеби ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, арнайы комиссия жұмыс істеуде. Облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиев төрағалық ететін төтенше жағдай бойынша штаб құрылып, су басқан елді мекендерде тиісті жұмыстарды атқару үшін 4 сектор белгіленген болатын. Әр секторға жауапты болып Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, Төлеби аудандарының әкімдері бекітілген.Орын алған жағдайды ретке келтіру мақсатында бүгінгі таңға 293 адам, 27 мотопомпа, 38 техника жұмылдырылған. Келтірілген залал шығындарын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта селден жапа шеккен 30 -дан астам үй анықталып, олар қайта салынатын болады.Сондай-ақ, нөсер жауынның салдарынан Жоғарғы Қасқасу елді мекеніндегі «Қасқасу» өзені бойында орналасқан 4 көпірді су шайып кеткен болатын. Қазіргі таңда жобалық құны 82,8 млн. тг құрайтын 4 көпірдің сметалық құжаттамалары әзірленген.Жоғарғы Қасқасу елді мекенінде 44 абонент ауыз судан уақытша ажыратылған болатын. Аудан әкімдігі тарапынан шұғыл қалпына келтіру шаралары қабылданып, аталған абоненттерге ауыз су 15.05.2020 жыл сағат 19.00-ге дейін қосылды.Барлық атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан облыс әкімі штаб жұмысына жоғары баға берді.Су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерде электр энергиясы және табиғи газбен қамту жағдайы тұрақты екендігіне көз жеткізді.Естеріңізге сала кетейік, нөсер жауынның салдарынан Төлеби ауданындағы өзендердің су деңгейі көтеріліп, арық-атыз, қыр-сайлардан жиналып аққан жаңбыр суынан 6 елді мекендегі 250 тұрғын үйлердің ауласына, оның ішінде 76 үйге су кірген болатын.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҰРҒЫНДАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК

ТҰРҒЫНДАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК 1152 560 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Аудан аумағында селден зардап шеккен отбасылардың жағдайымен танысып, қол үшін созу үшін облыста құрылған еріктілердің бір тобы ауданымызда болды.

Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері «Серпіліс» қоғамдық қорының директоры Б.Нарымбетова мен «Жалын» жастар бірлестігінің директоры Қ.Керімбеков, «Ресми фактор» газетінің бас редакторы А.Ортаева, «Територия правды» ақпараттық агентігінің директоры Ж.Турбалаевна және журналист Ж.Сыдықбай селден жапа шеккендердің көңілдерін сергітіп, бой жазу жұмыстарын жүргізді. Мектеп жасындағы балаларға аса қажетті кеңсе заттарын үлестірді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі